Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

Целомның негізгі қызметі
- тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және сол қуыста ұрық клеткалар пісіп 
жетіледі.
Ас қорыту жүйесі
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен 
құралған. Ауыз тесігі перистомиум сегментінде орналасқан, ал аналь тесігі құйрық бөлімінде. Алдыңғы ішек 
бірнеше бөлімнен: ауыз қуысы, жұтқыншақ және оның жіңішкерген жері - өңештен тұрады. Ортаңғы ішегі 
ұзын, ал артқы ішегі қысқа. Еркін жүзетін көпқылтандылардың жұтқыншағының ішкі қабырғасында хитинді 
өткір тісшелері немесе жақ тақталары болады.
Полихеттердің басым көпшілігі - жыртқыштар, ұсақ жануарлармен қоректенеді, тіпті ұсақ балықтарды да 
ұстайды, ал тіркеліп тіршілік ететін полихеттер лайлы құмдағы түрлі жәндіктермен және детриттермен
/өсімдіктер, жануарлар қалдықтарымен/ қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі
метанефридиялы. Денесінің әрбір сегментінде оң және сол жақтарында зәр шығару 
түтіктері орналасқан, олардың алдыңғы ұшы воронка түрінде кеңейіп целом қуысына ашылады. 
Метанефридияның бір ұшы целом қуысымен жалғасады да, екінші ұшы сыртқа ашылады, осындай жүйені 
сегменттелген жүйе деп те атайды. Полихеттердің төменгі сатыдағы түрлерінде зәр шығару жүйесі 
протонефридиялы құрылысты. Негізгі түтіктің алдыңғы ұшында соленоциттер деп аталатын кірпікшелі 
клеткалар жинағы болады. Соленоциттер - ішінде ұзын кірпікшелі жіпшесі бар, іші қуыс, ұзын түтікке 
айналған дөңгелек денелі клеткалар. Зәр шығару жүйесінің тағы бір ерекшелігі нефридия түтіктеріне жыныс 


воронкасы немесе жыныс жолдары келіп қосылады, сонымен 
аралас нефридия 
немесе 
нефромиксиялар
пайда болады. Нефромиксиялар жыныс клеткалары мен несеп заттарын сыртқа шығарады. 
Тыныс алу жүйесі. 
Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл денесімен, кейбір түрлері параподияларында 
орналасқан желбезек арқылы тыныс алады, ал желбезектері қан тамырларына бай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет