Иманғали:
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді Пір тұтамын мен алдыңа иіліп. – Қуан балам! Туған тілдің киесі. Жебеп сені болғаныңа иесі. Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, Дүниеде тіршіліктің күресі. – Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, Сүйінші деп ақын ұлың жырлады Ел елдігі бағаланар тілімен, Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
Жанарыс:
О,адамдар , құрметтейік тілді біз Тілсіз қалай болмақ ертең күніміз Жайылмасқа шара қылшы, ер халқым Құнды мұраң жоғалмасқа мәңгілік Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау! Туған тілді қорғап бақшы, қазақ-ау! Сарқылмайтын қуат пенен күш берген Туған тілдің қасиеті, ғажап-ау!
Достарыңызбен бөлісу: |