1-жүргізуші:Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым, Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым. Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым Кербез қыздың бұлан қаққан ғажап биін айналдым
Би: қазақ биі 1-жүргізуші: Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.Сол өлеңдерді сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ.
2-жүргізуші: Тіл- баға жетпес қазына , атадан қалған аманат. Хор: Мұхтар Шаханов «Рух пен Тіл»
1-жүргізуші: Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілі- ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу- бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.
2-жүргізуші: Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік.
Бірге: 1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!
2-жүргізуші:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |