Қарашаның жиырма төрті
Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігі
Тапсырма Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігін кесте толтыру арқылы жаз.
Жыраулар
Өмір сүрген кезең
Шығармалары
Арман-мақсаттары
Шортанбай мен Мұрат жырларының үндестігін
Шортанбай Қанайұлы
1808-1881
«Зар заман»
“Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”
Халықтың жағдайын жақсарту
Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер. Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты.
Тапсырма «Шортанбай мен Мұрат –дауылпаз ақын, жырау, ел мұңын жырлаушы»
Шортаньай Қанайұлы мен Мұрат Мөңкеұлы «Зар заман» поэзиясының өкілдері. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған.Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.Шортанбай Қанайұлы жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды. Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі. Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты. Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман поэзиясында шынайы көрініс тапты. Жалпы, Мұрат және Шортанбай атамыз екеуі де еліне деген патриоттық сезімін білдере отырып Зар заман поэзиясының өкілдері болды. елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғап, Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды.