«Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
«Менің ойым» - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор;
«Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау.
Әрине, тәсілдер мен әдістер қолдану негізінде балалар өз өйларын ашық айта алады, өмірге деген сенімділігі артады.
Оқушылардың белсенді іскерлігін қолдау, осындай әдістер мен тәсілдерді үнемі, әрі тиімді пайдалану негізінде педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының нәтижесін мынадай табыс формуласынан көруге болады. Олар:
оқушыда өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік пайда болады;
өзін-өзі дамытуда бала қоршаған ортаңың ерекшеліктеріне икемделеді, себебі, ол жалғыз емес, қоғамда өмір сүреді. Тұлға адамдар арасында түзелуге икемделеді;
оқушы жеке шығармашылық қызметке қатысады;
атқарылған жұмыс нәтижесінде тұлға өзін-өзі дамытады және жетілдіреді.
Үрдіс соңында жан-жақты дамыған, дені сау, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзыретті, өзін бағалай алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға қалыптасады деп сенемін. Ол үшін мынадай талаптарды атап айтуға болады: Тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын қалыптастыра отырып, оқушының алдағы өмірінде, қоғамда табысты болуына көмектесетін қасиеттерін дамытып, қалыптастыру, әлеуметтендіру болып табылады.Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіздің, яғни ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ытымақтастықты қалыптастыруға бағытталады. Ең қымбат өмір – бала өмірі, бала өмір жалғасы болғандықтан, оның қоршаған ортаға бейімделуі, өмірден өз орнын таба алуы осы үш бірліктің бірлесіп атқарған қызметіне байланысты болады. Ата-ана, бала, ұстазарасындағы тығыз ынтымақтастық, тиімді байланыс болғанда ғана біз өзімізге жүктелген қиын да абыройлы міндеттерді шеше аламыз.