Қарастырылатын сұрақтар



Дата11.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#111082
Байланысты:
1508-29а Жұмаева Назым

  • Тобы: 1508-29a
  • Орындаған: Жұмаева Н.
  • Қабылдаған: Тоқтасынова А.

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. "Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, didakitos - нұсқаушы, didasko – үйренуші деген ұғымды білдіреді. Мектеп – Мактаб (парсы) тілінен енген.
  • Дидактиканың нысаны – оқыту үрдісі.
  • Дидактиканың пәні – оқыту үрдісінің заңдылықтарын ашу, ұстаз-оқушылар, оқушылар-басқа оқушылар, оқушы-оқу материалы жүйелерінің қарым -қатынасын зерттеу.

Дидактика туралы көзқарастар

    • Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретуші әмбебап өнер» деп түсіндірген.
    • ХІХ ғ. басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теория ретінде таныды.
  • Чех педагогы Я.А.Коменский 1657 жылы «ұлы дидактика» атты еңбегін жарыққа шығарды.

"Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды.

Оқыту теориясы ның негізін қалаушылар:

  • Я.А.Коменский,
  • И.Т.Песталоцци,
  • Ф.Дистервек
  • Ж.Ж. Руссо,
  • К. Д.Ушинский,
  • В.Сухомлинский
  • А.С.Макаренко

И.Г.Песталоцци, И.Гербарт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Д.Дьюи, Г.Кершентейнер, В.Лай, П.Ф.Каптуров, С.Т.Шацский, П.П.Блонский, М.М.Пистрак

  • Әлемдік деңгейде дидактиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласындағы белгілі қазақ педагог- ғалымдар мен ағартушылар:

  • Ы.Алтынсарин,
  • М.Жұмабаев,
  • А.Байтұрсынов,
  • М.Дулатов,
  • Ж.Аймауытов,
  • Ш.Әлжанов

Дидактиканың негізгі категориялары

  • Білім беру
  • Оқыту
  • Оқу
  • Оқытудың заңдылықтары
  • Оқытудың принциптері
  • Білім берудің мазмұны
  • Оқытудың әдістері
  • Оқытудың тәсілдері
  • Оқытудың формалары
  • Білім, іскерлік, дағды
  • Оқытудың нәтижелері

Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

  • Дидактика
  • Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?
  • Кімдерді оқыту керек?
  • НЕНІ ОҚЫТУ КЕРЕК ?
  • ҚАЛАЙ ОҚЫТУ КЕРЕК ?
  • Не үшін оқыту керек?
  • Қайда оқыту керек?
  • Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
  • Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
  • Оқыту процесінің белгілері:
  • 1)  екі жақтылығы; 
  • 2)  оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті;
  • 3)  мұғалімнің басқаруы; 
  • 4)  арнайы ұйымдастырылуы;
  • 5)  бірлігі және тұтастығы.
  • Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту деп аталады.
  • 1. Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
  • 2. Оқытудың тәрбиелік қызметі. Ғылыми теориялармен ережелердің оқушылардың дүниетанымымен сеніміне айналуын сипаттайды, моралдық нормаларды игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.
  • 3. Оқытудың дамыту функциясы.
  • Мұнда оқушылардың таным іс-әрекетін, ой-өрісін және өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны игеруге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет