«Ардақтайық ананы» 4 сынып Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі1,21 Mb.
#34883
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ардақтайық ананы» 4 сынып
Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік, қамқорлық,достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге үйрету.
І. Дайындық кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім


Әке - өмірдің берік тірегі болса, ана - ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік, ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын - ана. Ананың асыл қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала - ананың асыл арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар.

Қ.Диас. Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Қуанышы ананың.

Қуанышы баланың


Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын, апатай.

Құтты болсын мерекең.



Ару: Аналар, ақ пейілін жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар,

Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.

Сіздердің арқаңызда ерлер жүр,

Сипатып ескен желге айдарларын.

Артық қой әлемдегі бар жылудан,

Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.

Сіздерге деген шексіз алғысымның,

Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.

Жырыммен аналарды ырза ете алсам,

Сол менің бұл өнерден бәйге алғаным.

Наурыздың сегізінде келе жатқан,

Аналар, құтты болсын мейрамдарың!

Хор: Аяулы анашым әні
/Аналарға арналған өлеңдер оқылады/

Дина.
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

К.Диас
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.
Дана.
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылған.
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Жандос.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың,
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың

Шыңғыс.
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!

Ерлік.

Құтты болсын ардақты анам,


Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең –

Айзере.Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,гүлі аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.



Ұлы Отан соғысына 70 жыл видео ролик көрсету.Соғыс жылдарындағы аналар.

Ойын «Өз баласын иіскеп табу» /көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек/
Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек/
Хажар.
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Аналарға мың алғыс!
«Адал бол, деп - балдырған»
Әділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Анамызға мың алғыс! /бас иеді/
Мұғалім: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатының алдында бас иеміз.!

Ерсұлтан.

Ана деген өмірдегі ұлы есім,


Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат,сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің. 

Қазақша би

Ән хормен: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен».

Аналарға арналған тақпақтар:


Аружан.

Жыл басы – Наурыз мереке,


Ақ нұрға әсем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
С.Диас.

Мерекесі бүгін 


Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі 
Ақын жырындай.
Аяжан.

Шалқып тасып әніміз


Жадыратып жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Бахтияр.

Бізді өсіріп баптаған,


Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Айым. Мен көңілді қуыршақ,
Қарақатпын әдемі.
Ойын ойнап, би-билеп,
Көтерейік көңілді.
Алақанды соғайық,
Аяқты да қозғайық.
Барлық бала бірігіп,
Көтерейік көңілді.
Аналарды құттықтап,
Би-билейік шаттанып.
Ән «Ана » туралы жыр

Саят.

Менің әжем, бұл әже


Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Мұғалім :Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

Би «Қаражорға»
Аманжол
.

Әркім сүйер өзінің,


Мақтан етер анасын.
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек-ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау.
Бағжан.Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Ә.Диас.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жанель.Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз,әр балапан.
Анасына ұқсайды.
Алина.Ақ жүректе сақтаған,
Жақын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші,келші ақ мамам.
Айзере.Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Анашым анам,
Ыстықсың маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.

Ән «Бал-балалық»
Ақерке.
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрынан арайлы.
Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.



Жанель.Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Құттықтап бүгін аналарды,

Әндетеміз бәріміз.



Жарқын.Менің мамам ақ мамам,

Мен де өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тілін аламын,

Жұмсаса да барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзімді жұма қаламын.



Аманжол.Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм
Ән шашу:
Ата-ананы тыңдаймыз
-Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді

Ойлап тапқан балалар!


Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Ойлап тапқан аналар.

Ән «Анашым,анажаным»

Ерлік. Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Бағжан.Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз

Мұғалім: Ана!Ана!Ана!
Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.Жақсылық атаулының барлығы ананың сүтінен жаралған.Қадірлі әжелер, аяулы аналар,сүйікті де сүйкімді қыздар,мерекелеріңіз құтты болсын!Ертеңгілігіміз осымен аяқталды.

Сау болыңыздар! 

Тексердім________________

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

А.Шаймукаева


Ардақтайық ананы

Ашық тәрбие сағаты




1 а сынып жетекшісі Г.Жангазиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет