Циркумконтинентальдыжәне циркуммұхиттық ареалдар – бұлар жер мен мұхиттар жиынтығын қамтып жатқан және қандайда бір ендікпен шектелген ареалдар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжи отыра келесі ареалдар түрлерін анықтауға болады:
1) циркумполярлы бореальды ареалдар, Солтүстік поляр шеңберіне жақын территорияларды немесе жерді, теңізді қамтитын ареалдар. Көбінде ареалдардың бұл типін арктикалық шөлддерді, тундра мен орманды тундраларды қамтитын циркумполярлы ареалдар және тайга зона тармағын қамтитын бореальды ареалдарға бөлуге болады (мысалы, кейбір тюленьдер);
2) солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінің циркум-континентальды ареалдары (өсімдіктерден қарақат, сарғалдақтар тұқымдасының ареалдары);
3) пантропикалық ареалдар көбінесе тұқымды өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының арасында кездеседі: аканталар тұқымдасының шөптесін, жартылай бұталы және бұталы өсімдіктері, пальмалар мен хибискус туысының туыстары. Көптеген пантропикалық түрлер адам әрекеті арқылы таралған өсімдіктер.
4) циркумконтинентальды оңтүстік ареалдар, үзілген, орман жапырақтары астында тіршілік ететін омыртқасыздардың, яғни архаикалық түрлерден тұратын алғашқы трахеялылар, онихофорлар және тең аяқты шаянтәрізділердің аздаған ғана ареалдары болып табылады.