Географиялық ареал (түрдің, туыстың, тұқымдастың және т.б.) таксономиялық бірліктердің – жер бетінде таралған аумағы. Бұндай ареалдар қарастырылып отырған ағзалар нақты кездесетін көптеген ұсақ, территориялық жағынан жақын орналасқан аймақтардан тұрады. Ареал туралы түсінік қалыптастыру үшін ең алдымен осы аймақтарға нақты сипаттама беріп алу керек.
Ареал туралы ұғым кез-келген жүйелік немесе таксономиялық бірлікпен байланысты, бірақ негізгі зерттеу нысаны әрқашан түрдің ареалы болып табылады. Тасономиялық бірліктердің рангіне қарамастан ареал ұғымы сол сияқты туыс, тұқымдас және т.б. таксономиялық рангтермен өте байланысты. Таксономиялық ранг жоғары болған сайын ареалдың көлемі де ұлғая түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |