Реликті эндемиктер ареалдары тау қыраттарының ықпалынан пайда болуы мүмкін. Мысалы үштік дәуірде барлық құрылықтарда жақсы таралған гинкго қазір тек ішкі Қытайдың таулы аймақтарында ғана кездеседі. Бұрын Европада өсетін секвоя қазір тек Солтүстік Американың калифорниялық жағалауындағы тау қыраттарында ғана кездеседі.
Неоэндемиктік ареалдар.Неоэндемиктерді жас немесе прогрессивті эндемиктер деп те атайды, неоэндемиктер салыстырмалы түрде ата-аналық формаларынан аздаған ғана екінші реттік белгілері арқылы түр тармағына ажыратылатын түрлер, «микроэндемик» термині осыған орай шыққан. Олар эволюциалық дамып келе жатқан туыстарға жатады. Бұл жаңа формалардың сақталып және дамуына генетикалық немесе географиялық кедергілер ықпал етеді. Неоэндемиктік ареалдардың пайда болу себептері осыған байланысты. Мысалы, Британия мен Орталық Европада көлдерінде тіршілік ететін сигиларды айтуға болады, олар екі көлде екі бөлек формалар түрінде тіршілік етеді. Шамалы түрде жақын геологиялық уақыт аралығында оқшауланған Британ аралдарында жер бетінде тіршілік ететін омыртқалардың арасында неоэндемитердің пайыздық саны жоғары, мысалы осы аралдарда тіршілік етеін тиін мен жертесерлердің жүнінің түсі құрылықтағы тиіндер мен жертесерлерден ашық түсті болып келеді. Ал құстар құрылық құстарына қарағанда ерекше расалары арқылы ажыратылады ирландия сары шымшығы, шотландия қайшы ауыз торғайы.