Педагогкадрлармен қамтамасыз етілу Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерге педагогтардың біліктілік деңгейінің көрсеткіштері жатады. Ауданның жалпы білім беретін мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде 536 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 428-жоғары білімді, 100-орта арнайы білімді, 8 аяқталмаған жоғары білімді. 75 педагогтің жоғарғы санаты бар, бұл мұғалімдердің 14,2 пайызы, бірінші санатта-140, екінші санатта-141, санатсыз-180 педагог немесе 33 пайызы жұмыс істейді.
Жас мамандарды жұмысқа тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қарғалы ауданын білікті мамандармен қамтамасыз етуге мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілуде. Есепті жылы білім беру мекемелеріне 18 жас маман қабылданды, оның ішінде 9 маман аудан мектептерінің түлектері.