Оқушылардың ыссы тамақпен тамақтануын ұйымдастыру Есепті жылдың І жарты жылдығында аудан мектептерінде 2322 оқушы оқыды, олардың барлығы ыссы тамақпен, олардың ішінде 1227 оқушы тегін тамақпен қамтылды.Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 37,7 млн.теңге бөлініп, 14,2 млн.теңгесі жылдың І жартысында игерілді.
Жаңа оқу жылының басынан мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ыссы тамақпен 873 бала қамтылды, оның ішінде тегін ыссы тамақпен тек әлеуметтік қорғалмаған санаттан: мүгедек-балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар барлығы 503 бала қамтылды. Тамақтандыру мердігермен келісім-шарт негізінде жүргізіледі, 1 бала күніне 150 теңгеге тамақтанады.