Жас мамандарды қолдау
Есепті жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданның ауылдық елді мекендеріне тұру және жұмыс істеу үшін келген 12 маманға тұрғын үй сатып алуға 32,7 млн.теңгеге бюджеттік несие берілді, оның ішінде:
-білім саласында 7 маманға 18,2 млн.теңге;
-денсаулық сақтау саласында 4 маманға 11,5 млн.теңге;
-агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маманға 2,9 млн.теңге.
2,4 млн.теңгеге 17 маман көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде:
-білім саласында 10 маман 1,4 млн.теңге;
-денсаулық сақтау саласында 6 маман 0,8 млн.теңге;
-агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маман 138 мың теңге.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау саласы жүйесі емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 12 медициналық пункт, жалпы 78 керуеттік орын арқылы науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Жыл бойы емхана және амбулаториямен 149469 қабылдау жүргізіліп, 20397 үйге шақыртулар жүзеге асырылды.
Стационар ауыстыратын технология дамуда. Күндізгі стационардық керуеттері саны 20-дан 30-ға дейін жеткізілді. Күндізгі стационарда 2410 науқас емделсе, оның 250-ы балалар.
Ауданда 42 дәрігер жұмыс жасайды, оның 8-і дәрігерлік амбулаторияларда. Дәрігерлермен қамтылу 100%.
Есептік кезеңде 21 дәрігер мен орта деңгейлі 18 медициналық қызметкерлер облыстық және республикалық орталықтарда біліктілігін жоғарлатты.
Аудан бойынша сәбилердің дүниеге келу деңгейінің өскендігі байқалады. Мәселен өткен 2014 жылы 251 нәресте туылса, 2015 жылы 252 сәби дүниеге келген. Өлім көрсеткішінің азайғандығы байқалады, мәселен 2014 жылы 159 адам қайтыс болса, 2015 жылы 154 адам қайтыс болған. Скринингтік тексерулер аурулардың алдына алу шараларына байланысты, жүрек қан-тамыр ауруларынан, қатерлі ісік және жарақат пен улану себептерінен қайтыс болған адамдар саны төмендеп отыр. Өткен жылы да биыл да туберкулездің 7 жаңа жағдайы анықталды. Ауданның денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерінің бірі нәрестелер өлімі болып қалып отыр. Өткен жылы мұндай 7 жағдай тіркелді, 2015 жылы 5 сәби өлімі орын алған болатын. Нәресте өлімдерінің негізгі себептерінің бірі туа біткен ақаулар болып табылады.Олар жүрек қан-тамыр, асқазан-ішек ауруларының туа біткен ақаулары.
Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 9 көп таралған ауру түрлерін ерте анықтау үшін ересек тұрғындарды профилактикалық скринингтік қарау жүргізілуде. Аталмыш мақсатта 5 мыңнан артық тұрғындар қаралды. 4 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі балалар медициналық қараудан өтті. 247 науқас науқас анықталып, сауықтырылды.
Туберкулездің алдын-алуға басты назар аударылуда. Жыл сайын жылжымалы «Флюкар»автокөлігі арқылы аудан тұрғындары флюрографиялық тексерулерден өткізіледі.
«Жылжымалы емхана» медициналық кешені аудан тұрғындарын сауықтырып, кеңес беріп, тексеру үшін ауылдарға шығады. Дәрігерлердің қабылдауынан бөлек, лабороториялық тексерулер, УДЗ мен ЭКГ жүргізіледі. Жылжымалы стоматологиялық қондырғысы ауыл тұрғындарына стоматологиялық қызметтер көрсетті.
Жыл сайын аудан ауруханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. Соңғы жылдары аурухана сандық рентген, диагностикалық кешен, сандық флюороаппарат, қан банкі үшін салқындатқыш, пациент мониторы, фетальды монитор, лапороскоп, электрокардиограф және т.б. заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Ауруханада лапороскопиялық операциялық барлық түрі жасалады. Осы жылы жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты және наркоздық аппараттар алынды.
Ауданның барлық медициналық мекемелері санитарлық автокөлікпен, телефон байланысы, компьютермен және ғаламторға шығу мүмкіндігімен қамтылған.
Есептік кезеңде Петропавл ДА-на 11 млн.теңгеге күрделі жөндеу жасалды. Степной ДА мен Қайрақты МП-не газ құбырын тарту құрылысы мен газ қондырғыларын орнатуға жобалық сметалық құжаттар дайындалды. Жұмыс 2016 жылға жоспарлануда.
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек толық ауқымда көрсетілуде. 2015 жылы науқастар 41,1 млн.теңге сомасына амбулатарлық жағдайда тегін дәрілермен қамтылды.
ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген жандар медициналық көмекті тегін алуда. Қажетті дәрі-дәрмектер «Ардагер» дәріханасы және емхана арқылы тегін беріледі.
Денсаулықты қалыптастыру орталығы құрылды. Салауатты өмір салтын уағыздау мақсатында мед.қызметкерлермен 9502 әңгімелесу, 865 лекция жүргізіліп, 17 санбюллетен дайындалып, 13 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудандық «Қарғалы» газетінде 12 профилактикалық мақала жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |