Қоғамдық-саяси ахуал
Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылыққа ең алдымен, ауданның әлеуметтік-экономикасының оң дамуы, аудан тұрғындарының, саяси партия, діни бірлестіктер, кәсіподақ және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдерінің арасындағы төзімділік пен келісімнің жоғары деңгейі негіз болуда.
Өткен жылдың қазан айында ауданда тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының тууына жол бермеу және тұрғындардың әлеуметтік-маңызды шараларға белсенді қатысуы мақсатында аудан орталығының сыйлы тұрғындары мен ардагерлерінен аудан әкімінің өкімімен Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес жанынан 5 комиссия құрылды: негізі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру, дін, ауылды көркейту, спорт пен жастар саясатын дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау. Қоғамдық кеңес барлық бағыттар бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.
Ауданда «Нұр Отан» саяси партиясының аудандық филиалы, коммунистік халықтық партияның аудандық комитеті жұмыс істейді және «Ақжол», «Ауыл» партияларының өкілдері де бар. Ауданда үкіметтік емес «Бастау» ұйымы жұмыс істейді, аталған ұйым 2015 жылы 6 іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Аудан аумағында бұқаралық-ақпараттық құралдардан апта сайын шығатын бір аудандық қоғамдық-саяси «Қарғалы» газеті тіркелген. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратында kargala.aktobe.gov.kz. сайты және facebook әлеуметтік желісінде «Қарғалы жамағатына» беттері жұмыс істейді. 2015 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруды жүргізуге баспа бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы аудандық бюджеттен 6 млн. 241 мың теңге және электрондық бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы 2 млн. теңге бөлінді.
Аудан аумағында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің 4 филиалы Бадамша, Қосестек, Ш.Қалдаяқов, Қайрақты ауылдарында жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, Бадамша ауылында Ақтөбе қаласындағы «Ақиқат» Інжілдік Мәсіхші Баптистер Қауымының» жергілікті діни бірлестігінің ғибадат ғимараты бар.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде кешенді жоспар аясында кеңінен іс-шаралар жүргізілуде. 2015 жылы 227 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Қатысқан адамдар саны - 4710.
Қарғалы ауданының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы облыс бойынша ең үздік деп танылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясатты, мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіру мақсатында ақпараттық топтар жұмыс жүргізді. Ақпараттық топ құрамына 71 адам кіреді, олардың 47-сі аудан деңгейінде, 24-ті ауылдық округтер деңгейінде. 2015 жылы аудан көлемінде 82 кездесу өткізілді, қатысқандар саны – 1937 адам, 46 кездесу ауылдық округтер деңгейінде өткізілді, қатысқан адамдар саны – 459 адам.
2015 жылы «Қарғалы» үгіт поезы мемлекеттік саясатты түсіндіру және консультативтік-практикалық көмек көрсету мақсатында ауылдарға шығып тұрғындармен 21 кездесу өткізді, қатысқандар саны – 832 адам, 178 адамға консультативтік-практикалық көмек көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |