Өнеркәсіп
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1740,0 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 100 пайыз. Өсу қарқынының болмауы бірінші кезекте «Ақтөбе-Темір ВС» ЕК» ЖШС-ң жұмыс нәтижесіне байланысты, себебі кәсіпорын өткен кезеңде тек темір рудасын ұнтақтаумен және тиеумен айналысты. Кәсіпорын 166 млн. теңгеге 48 мың тонна темір қоспасын өндірді және ішкі нарық тұтынушыларына 197,2 мың тонна руданы тиеп, жөнелтті.
«КТП» ЖШС-і қиыршық тастарды өндіру, қайта өңдеу және тасып шығару жұмыстарын жүргізді. Кәсіпорынмен барлығы 82,6 мың тонна фракциялық қиыршық тас өндірілді.
«Степное» ЖШС-ң қайта өңдеу цехтары 337,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, ол өткен жылдың көрсеткіштеріне 90 пайыз. Себеп- бидайдың болмауына байланысты ұн өндіру 5 есеге төмендеген.
Міндеттер:
1. Ащылысай ауылдық округінің аумағында қуаттылығы жылына 1 млн.тонна болатын «Көктас» АҚ цемент заводының құрылысы және Желтау селолық округінде «Запад» АӨК» ЖШС жылына қуаттылығы 5,0 мың тонна құс фабрикасы құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыруға қажетті жәрдем ету.
2.Табиғат пайдалану және табиғат ресурстарын реттеу басқармасымен бірлесіп аудандағы кен орындарында жұмыс істеуге келісімдері бар, бірақ бірнеше жылдан бері қызметті іске асырмай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен көзделген жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін нақтылау жұмыстарын жүргізу.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1698,0 млн. теңге немесе 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102,0 пайыз.
Бюджет
Есепті кезеңде аудандық бюджетке болжанған 487,2 млн. теңгенің орнына 502,1 млн. теңге түсті немесе болжам 103,1 пайызға орындалды.
2014 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 105,4 пайызды құрады немесе 25,8 млн. теңге. Жер салығы мен мүлік салығынан 122,1 млн. теңге түсті,ал көлік құралдары салығынан түскені 24,7 млн. теңге.
Жыл бойы қосымша резервтерді анықтау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде аудандық бюджетке 39,4 млн. теңге түсті, оның ішінде камералды бақылау бойынша 8,7 млн. теңге; тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша 2,3 млн.теңге; мүлікті қайта бағалау бойынша 3,2 млн. теңге.
Кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 4145 адам, өсім өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайыз. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 788 бірлікті құрайды немесе 110 пайызға өскен. Бір жылда 144 жаңа бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 10 ЖШС-і, 6 шаруа қожалығы, 128 жеке кәсіпкер.
Ауданның шағын және орта бизнес субъектілерінен 388,7 млн.теңге мөлшерінде салық түсті немесе өткен жылмен салыстырғанда 149,7 пайыз.
Жыл басынан бастап ауданда 9 жаңа бизнес субъектісі ашылды: 3 дүкен, сұлулық салоны, монша, пеноблок шығаратын шағын цех, ет павильоны және т.б.
Бизнес субъектілерімен барлығы 154 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бизнес ашу мен дамытуға алынған несиелердің жалпы сомасы 302,1 млн. теңге. Жобалардың басым бөлігін қаржыландырған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» -69 жоба сомасы 108,4 млн. теңге.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауды 5 жоба алды, оның ішінде 1- нысан құрылысына, 3- негізгі құралдарды сатып алуға, 1- айналым қаражаттарын толықтыруға.
Міндеттер:
1.Әр ауылдық округте шағын наубайхана ашуға ықпал ету.
2.Қайта өңдеу цехтарын ашу жұмыстарын жүргізу: 2016 жылы-2 (сүт, етті қайта өңдеу бойынша), 2017жылы-2, 2018 жылы-2 цех.
3.Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысына ықпал ету: 2016 жылы- 1 нысан (Ащылысай ауылдық округі), 2017 жылы-2 нысан (Әлімбет, Желтау ауылдық округтері).
4.Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ауданда ауыл туризмін дамыту жөнінде жұмыстар жүргізу: турбаза құрылысы, жазғы демалыс аймағын құру.
Достарыңызбен бөлісу: |