Білге қаған ескерткіші–— Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш” ) қатарына жататын ескерткіш кешен. Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам деген жердегі тау шатқалына тас мүсін орнатылған. Ескерткіштегі жазу ежелгі түркі және қытай тілдерінде ойылып жасалынған. Қазіргі кезде ескерткіш қағандарды еске алатын граниттен жасалған адамдар мен аңдардың мүсінінен тұратын кешенге орнатылған.