Орхон – Енисей жазба ескерткіштері Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы. Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді. Жазба ескерткіштегі Білге қаған – үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |