Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында.. Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталып тұр. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр.