Архимедтуралы аңызАңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады.Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді.Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.