Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе


Электрондық пошта. Телеконференциялар серверлері. Мультимедиялық телеконференциялар



бет56/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

2.4.2. Электрондық пошта. Телеконференциялар серверлері. Мультимедиялық телеконференциялар (International Multimedia Teleconferencing Consortium)
Электрондық пошта (email, e-mail, electronic mail) — ол үлестірілген (оның ішінде ғаламдық) компьютерлік желі бойы, электрондық («хаттар» немесе «электрондық хаттар» деп аталатын) хабарларды жіберу және алу бойынша ұсынатын қызметтері және технолгиясы.
Басқа хабарларды жіберу (мысалы, бір сәтте хабарлау қызметі) жүйелерінен айырмасы, жеткізуді кейінге қалтыру мүмкіндігі және тәуелсіз пошталық серверлер арасындағы өзара әрекеттесу жүйесінің дамыгандыгы.
Электрондық пошта - Интернеттің ең белгілі қызметі, оның көмегімен, ақпаратпен тез алмасу үшін, дүниенің кез келген нүктесінен клиенттерді қосуға болады.
E- mail-дың қызметтері көптеген нұсқалармен іске асырылған, олар - Microsoft Outlook, Outlook Express, HotMail және т.б.
Электрондық поштаның адресінің құрамы: пайдаланушының аты @ доменнің аты. доменнің типі. Пайдаланушының атын оның өзі таңдайды, ал доменнің атын пошталық сервердің иесі тіркеп қояды. Мысалдар: nurad@mail.ru, inchin@math.kz.
Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады. Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.
World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды. 
Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар. 
HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған. 
HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады. 
Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар. 
HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады. 
Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды. 
World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды. Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады. 
Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері. 
Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған. 
Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады. 
Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12 gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады. 
Әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктеріде әртүрлі пошталық программалар бар. Олар: Microsoft Exchange, Outlook Express, Microsoft Outlook, Internet Mail, Eudora, Exchange Mail т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет