Outlook Express программасымен жұмыс істеу принциптері
Күні:
Сабақ номері:
57-58
Өткізу орыны:
№ 13 кабинет
Тыңдаушылар:
III курс № 304 топ білім алушылары
Сабақ мақсаты:.
Outlook Express бағдарламасының жұмыс істеу
принципі мен бағдарламамен туралы түсінік бере отырып,жұмыс жасауын меңгерту;
Сабақ міндеттері:
• ойлау қызметін , танымдық ойлауын дамыту;
• өз жұмыстарында өзін - өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
• бір-бірінің жауаптарын талдауды дамыту;
• уақытқа тәуелді жұмыс атқаруын қалыптастыру;
• ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
• Outlook Express бағдарламасын пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру;
Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке,өз-өзіне сенуге, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Интернет ұғымының негізгі түсініктерін біледі;
Электрондық хабарлармен жұмыс істеу біледі;
Сабақ түрі:
Жаңа сабақ
Оқыту әдістері, әдістемелік шаралар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар:
Өтілген тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қою.
Еxcel дегеніміз қандай бағдарлама?
Бағдарламада құрылатын кесте мәтін ретінде болса қандай пәрмен таңдау керек?
Бағдарламада құрылатын кесте сандық ретінде болса қандай пәрмен таңдау керек?
Білім алушылар қойылған сұраққа жауап береді.
Карточкалар
Жаңа материалды түсіндіру
30 мин
Outlook Express — электронды поштамен жұмыс жасауға арналған және де Майкрософт компаниясының жаңалықтарынан хабардар етіп тұруға арналған бағдарлама.Outlook Express Windows операциялық жүйесімен бірге, сонымен қатар Internet Explorer браузерімен бірге орнатылады..Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз кезегінде оны адресаттың пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек. Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады: - қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді; - тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді; - жеткізу агенті – мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді. Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады. Поштаны орнатып оның жұмыс істеуі үшін: - ақпараттық құралдар – модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет. - Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек
Web-поштамен жұмыс істеу Outlook Express-тен басқа да көптеген пошталық бағдарламалар бар. Mail.kz пошта серверін мысалға ала отырып Web - поштамен жұмыс істеу негіздерін қарастырайық. Логин мен құпия сөзді енгізу кезінде сіз өз пошталық серверіңіздің терезесін көресіз. Егер сіз құпия сөзді ұмытып қалсаңыз жүйе оны сіз тіркеуден өту кезінде көрсеткен сақтық пошта жәшігіне жібереді. Бұл үшін құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба? Деген сілтемеге өтіп, өз логиныңызды енгізіңіз. Құпия сөз сақтық пошта жәшігіне жіберіледі. • Жаңа хат – жаңа хат қалыбын ашады • Қалталар тізімі – «inbox-келетін» « outbox-кететін»қалталарының мазмұнын қарап шығуға арналған терезе;терезеде қалтадағы хаттар саны және олардың ішінде қаншасы оқылмағаны туралы ақпарат көрінеді; Ақпараттарды шифрлаудың аппараттық тәсілдері қорғалған деректерді телекоммуникациялық желі арқылы жеткізу үшін қолданылады. Аралас алфавит көмегімен шифрлауды жүзегі асыру үшін жекелеген разрядтарды бір немесе бірнеше символ шамасында ауыстыру пайдаланылады.
Қорғаудың бағдарламалық тәсілдері магниттік тасымалдаушыларды сақталған ақпараттарды шифрлау үшін қолданылады. Бұл әртүрлі ақпаратты-анықтамалық жүйелердің (АСУ,АСОД т.б.) мағлұматтары болуы мүмкін. Бағдарламалық шифрлау тәсілдері кілт сөздермен 2- модуль бойынша ауыстыру, қайтакодтау және қосу операцияларына көздестіріледі.
Студенттер тақырыпты тыңдайды,топқа салып талқылайды, «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жұмыстанады.