OSI үлгісі. Стандарт жөніндегі халықаралық ұйым (International Organization for Standartization-ISO) алғашқы есептегіш желілерді әзірлеу және пайдалану тәжірибесімен бөлісті және жүйелердің өзара әрекеттесу деңгейлерінің әралуан түрлерін нақты анықтайтын үлгіні жасап шығарады, оларға стандартқа сәйкес атау беріп, әрбір деңгейге тиесілі жұмыс түрін анықтайды. Бұл үлгі ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісі деп аталады (Open Systems Interconnection-OSI) , немесе ISO/OSI, не болмаса қарапайым OSI үлгі деп те аталады. Бұл үлгі есептегіш желілер саласындағы стандартизацияның концептуалды негізі болып табылады. OSI үлгісінде өзара әрекет 3.1 суретте көрсетілгендей жеті деңгейге немесе қабатқа бөлінеді.
Әрбір деңгей бір белгілі өзара әрекеттесу аспектісімен жұмыс жасайды, және кез-келген деңгей үшін желі тораптары арасындағы өзара әрекеттесу ережелері, яғни өзіне тиесілі хаттама болады.
Аталмыш хаттаманы жүзеге асыру үшін, кезкелген деңгей деңгейлер қызметін пайдаланады, төмен жатқан деңгейге тапсырма береді. Бұл тапсырманы жөнелту үшін көршілес деңгейлер арасындағы деңгейаралық интерфейс деп аталатын өзара әрекеттесу ережелері анықталады. Интерфейсті сонымен қатар белгілі бір қабат өз тұтынушыларына шамасы жетпейтін сәтте сервисті жұмылып анықтайтын операциялар жиынтығы түрінде анықтауға болады. OSI үлгісінде А үрдісі бір машина құрамы нда екі машина құрамындағы В үрдісімен өзара әрекетке түскісі келген сәтте ол хабарлама жасап, оны өз машинасындағы OSI үлгісінің қолданбалы деңгейіне береді. Қолданбалы деңгейдің бағдарламалық қамсыздандырды хабарламаға өз тақырып енгізіп, нәтижелі хабарламаны танымдық деңгейге береді. Танымдық деңгей өз кезегінде тақырып қосып, нәтижесін төменгі сеансты деңгейге береді. Кейбір деңгейлер тек тақырыбтыұан ортаның қосып қана коймай, сонымен қатар қорытындысын да енгізді. Хабарлама ең төменгі деңгейге жеткен кезде физикалық деңгей шын мәнісінде хабарламаны жөнелтеді. Хабарлама 2-машинаға түскен кезде ол жоғары беріледі, ал әрбір деңгей өздерінің жеке тақырыптарын тексеріп жойып отырады.
2.6 сурет –OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі. Әрбір деңгейге тиесілі хаттамаларды түбегейлі қарастырмас бұрын, атап өтелік, OSI үлгілерінде хаттамалардың екі негізгі типі болады. Қосылыстар орнатылған хаттамаларда (connection oriented network service, CONS) мәліметтермен алмасар алдында жөнелтуші мен қабыцлдап алушы ең алдымен қосылысты белгілейді, содан соң өздері пайдаланатын хаттаманы таңдауы мүмкін. Диалогты тамамдағаннан кейін олар аталмыш қосылысты ажыратулары тиіс. Хаттамалардың екінші тобы алдын ала қосылысты қондырмайтын хаттамалар болып табылады (connectionless network service, CLNS). Бұл хаттамалар дейтаграммалы хаттамалар деп те аталады. Жөнелтуші жәй ғана алғашқы хаттаманы дайын түрде жіберсе жетіп жатыр. Қосылысты қондыру кезінде мәліметтер кері қайтарған ол жерде әрбір тораптарды айналып өтіп, жүктеме балансын қамтамасыз ете отырып, пакеттер бойынша жеке-жеке маршрутизациялануы мүмкін. Қосылысты қондырылған әдістің кемшілігі-ондағы шығындардың көптігі.
Төменгі деңгейден бастап, OSI үлгісінің бүкіл деңгейлерінің атқаратын қызметтерін қарастыралық.. Физикалық деңгей.Бұл деңгей коаксиалды кабель,бит жұбы немесе көтерме жіпше кабель секілді
физикалық арналар бойынша биттерді таратумен байланысты. Бұл денгейде өткізу жолағы, кедергіден қорғаныс, толқынды кедергі және басқа да мәліметтерді физикалық тарату орталарының сипаттамаларын айқындайды. Соған қоса, бұл жерде әрбір қатынастың ұяшықтар түрлері мен арнаулы стандартталады.