OSI стегі. OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі – бұл концептуалдық үлгі ғана емес, хаттамалардың келісілген стегін құрайтын хаттамалардың нақты спецификацияларының жинағы. Бұл хаттамалар стегін АҚШ үкіметі өзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. 1990 жылдан кейін барлық үкіметтік мекемелерде орнатылған барлық компьютерлік желілер OSI стегін тікелей қолдаулары тиіс, не болмаса болашақта осы стекке ауысуға арналған құралдарды қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропада әйгілі, өйткені Еуропада өзінің меншік хаттамаларын қолданатын ескі желілер азырақ орнатылған. Еуропада сондай-ақ жалпы стекке деген үлкен қажеттілік сезіледі, өйткені мұнда әртүрлі мемлекеттердің көп саны бар.
Бұл халықаралық, өндірушілерден тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялардың, серіктестердің және жеткізушілердің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Бұл өзара әрекеттесу адрестеу, атау беру және деректердің қауіпсіздігі мәселелерінен күрделенеді. Барлық осы мәселелер OSI стегінде жартылай шешілген. OSI хаттамалары орталық процессордың есептеу қуаттылығының үлкен шығындарын талап етеді, бұл оларды дербес компьютерлердің желілері үшін емес, қуатты машиналар үшін қолайлы етеді. Ұйымдардың көпшілігі әзірге OSI стегіне ауысуды жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істеп жатқандардың арасынан АҚШ-ның Әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін атауға болады. OSI– ді қолдаушы ірі өндірушілердің бірі болып AT&T компаниясы табылады. Оның Startgroup желісі толығымен OSI стегіне негізделген, бұл AT&T ішінде қолданушыларды OSI-дің әлемдегі ірі инсталляциялық базасы етеді.
OSI стегі (4.1. сурет) ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісінің барлық жеті деңгейлеріне арналған спецификациялардан тұрады.
2.7сурет – OSI стегі Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларын, және де LLC, X.25 және ISDN хаттамаларын қолдайды. Бұл хаттамалар оқулықтың басқа тарауларында нақты қарастырылатын болады.
Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ OSI стегінде де бар, дегенмен олар аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да іске асырылған. OSI стегінің көліктік хаттамасы OSI үлгісінде оған арналып анықталған функцияларға сәйкес, қосылыстар орнатылған және қосылыстар орнатылмаған желілік сервистердің арасындағы айырмашылықтарды жасырады, сондықтан қолданушылар төмен жатқан желілік деңгейге тәуелсіз қызмет көрсетудің қажетті сапасын алады. Мұны қамтамасыз ету үшін, көліктік деңгей, қолданушының қажетті қызмет көрсету сапасын көрсеткенін талап етеді. Көліктік сервистің 5 кластары анықталған, төменгі 0 класынан жоғарғы 4 класқа дейін, олар қателерге деген орнықтылық деңгейімен және қателерден кейінгі деректерді қалпына келтіру талаптарымен ерекшеленеді.
Қолднбалы деңгейдің сервистері файлдарды жіберуден, терминалды эмуляциялаудан, каталогтар қызметінен және поштадан тұрады. Олардың ішінен ең болашағы зор болып каталогтар қызметі (Х.500 стандарты), электрондық пошта (Х.400), виртуалды терминал хаттамасы (VT), файлдарды жіберу, рұқсат алу және басқару хаттамалары (FTAM), жұмыстарды жіберу және басқару хаттамасы (JTM) табылады. Соңғы уақытта ISO өз күш-жігерін жоғарғы деңгейдегі сервистерге жинақтады.
Х.400 – Телеграфия және телефония жөніндегі халықаралық кеңесшілік комитеттің нұсқауларының жинағы (ССІТТ), онда электрондық хабарламаларды жіберудің жүйелері сипатталған. Бүгінгі күні Х.400 нұсқаулары хабар алмасудың ең әйгілі хаттамалары болып табылады. Х.400 нұсқаулары хабарлама алмасу жүйесінің үлгісін, осы жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу хаттамаларын, және де хабарламалардың түрлерінің көптігін және жіберілетін хабарламалардың әрбір түрі бойынша жіберушіде бар мүмкіндіктерді сипаттайды.
Х.400 нұсқаулары қолданушыларға берілетін қызметтердің келесідей ең аз қажетті жинағын анықтайды: қолжеткізуді басқару, хабарламалардың бірегей жүйелік ұқсастырушыларын жүргізу, хабарламаның жеткізілгендігі немесе себебін көрсетіп жеткізілмегендігі туралы хабарлау, хабарлама мазмұнының түрін индикациялау, хабарламаның мазмұнын өзгертуді индикациялау, жіберу және жеткізу кезіндегі уақыттық белгілер, жеткізу санатын таңдау (шұғыл, шұғыл емес, қалыпты), көпадрестік жеткізу, бөгелген жеткізу (белгілі уақыт сәтіне дейін), үйлеспейтін пошталық жүйелермен өзара әрекеттесу үшін мазмұнды өзгерту, мысалы, телекстік және факсимильдік байланыс қызметтерімен, нақты хабарлама жеткізілгендігі туралы сұраныс жасау, біріне бірі салынған құрылымы бар болуы мүмкін таратулар тізімі, қоғамдық кілттердің ассимметриялық криптожүйесіне негізделген хабарламаларды рұқсат етілмеген қолжеткізулерден қорғау құралдары.
Х.500 нұсқауының мақсаты болып жаһандық анықтама қызметінің стандарттарын жасап шығару табылады. Хабарламаны жеткізу процесі алушының адресін білуді талап етеді, бұл желінің мөлшері үлкен болған жағдайларда мәселе туындатады, сондықтан жіберушілер мен алушылардың адрестерін алуға көмектесетін анықтама қызметі болуы керек. Жалпы түрде Х.500 қызметі атаулар мен адрестердің таратылған деректер қоры болып табылады. Барлық қолданушылар белгілі атрибуттардың жинағын қолдана отырып, осы деректер қорына кіруге потенциалды құқығы бар.
Атаулар мен адрестердің деректер қорымен келесі операциялар жасауға болады:
- оқу – белгілі атау бойынша адресті алу;
- сұраныс – адрестің белгілі атрибуттары бойынша атауды алу;
- деректер қорына жазбаларды қосудан және өшіруден тұратын жаңарту.
Х.500 нұсқауын іске асырудың негізгі мәселелері бүкіләлемдік анықтама қызметі роліне үміткер осы жобаның ауқымдылығына байланысты. Сондықтан Х.500 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз ету өте үлкен болып шығады және аппаратураның өнімділігіне жоғары талаптар қояды.
Х.400 және Х.500 нұсқауларын электрондық поштаны жобалау кезінде ескеру әртүрлі өндірушілердің пошталық жүйелерін түйісуін принципиалды мүмкін етеді және концептуалды түрде қарапайым етеді.
VT хаттамасы терминалдарды эмулдяциялаудың әртүрлі хаттамаларының үйлесімсіздік мәселесін шешеді. Қазір IBM PC-мен үйлесімді дербес компьютердің қолданушысына VAX, IBM 3090 және HP9000 компьютерлерімен біруақытта жұмыс істеу үшін әртүрлі типтегі және әртүрлі хаттамаларды қолданатын терминалдарды эмуляциялау үшін үш түрлі бағдарламаларды сатып алу керек. Егер әрбір хост-компьютерде өзінің құрамында ISO терминалын эмуляциялау хаттамасының бағдарламалық қамтамасыздауы бар болса, онда қолданушыға да VT хаттамасын қолдайтын бір ғана бағдарлама қажет болар еді. Өзінің стандартында ISO терминалдарды эмуляциялаудың кеңінен таралған функцияларын шоғырландырды.
Файлдарды жіберу – бұл кең таралған компьютерлік сервис. Жергілікті және де қашықтықтағы файлдарға қолжеткізу барлық қосымшаларға керек – мәтіндік редакторларға, электрондық поштаға, деректер қорына немесе қашықтықтан іске қосу бағларламаларына. ISO мұндай сервисті FTAM хаттамасында қарастырған. Х.400 стандартымен қатар, бұл OSI стегінің ең әйгілі стандарты. FTAM жергілікті ету және файл мазмұнына қолжеткізу құралдарын қарастырады, және файл мазмұнына қою, ауыстыру, кеңейту және тазарту директиваларының жинағынан тұрады. FTAM сондай-ақ файлды жасау, өшіру, оқу, ашу, жабу және оның атрибуттарын таңдауды қоса алғанда, файлды біртұтас ретінде басқаруға арналған құралдарды қарастырады.
Жұмытарды жіберу және басқару хаттамасы JTM қолданушыларға хост-компьютерде орындалуы тиіс жұмыстарды жіберуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды жіберуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды басқару тілі, қандай іс-әрекеттер және қандай бағдарламалармен және файлдармен жасалуы керектігін хост-компьютерге көрсетеді. JTM хаттамасы әдеттегі дестелік өңдеуді, транзакцияларды өңдеуді, қашықтықтағы тапсырмаларды енгізуді және таратылған деректер қорына қолжеткізуді қолдайды.
Декомпозиция кезеңінде әдетте көпдеңгейлі тәсілдемені пайдаланады. Оны былай түсіндіруге блады. Көптеген модульдерді деңгейге бөледі. Деңгейлер иерархияны түзеді, яғни жоғары жататын және төмен жататын деңгейлер бар. Әрбір деңгейде құрайтын көптеген модульдер былай құрылған, өздеріне тиесілі тапсырманы орындау үшін олар тек төмен жатқан деңгейге тікелей қатысы бар модульдерге сұраныс жасайды. Басқаша айтқанда, кейбір деңгейлерге тиесілі бүкіл модульдердің жұмыс нәтижелері тек көршілес жоғары жатқан деңгей модульдеріне берілуі мүмкін. Тапсырманың осы сияқты иерархиялық декомпозициясы деңгейлер арасындағы интерфейстердің және әрбір деңгейдің қызметтерін нақты айқындауды меңзейді. Интерфейс төмен жатқан деңгей жоғары жатқан деңгейге бағыттайтын қызметтер жиынтығын анықтыйды. Иерархиялық декомпозицияның нәтижесінде деңгейлердің салыстырмалы тәуелсіздіктеріне қол жеткізуге болады, яғни оларды жеңіл алмастыру мүкіндіктері пайда болады.
Желілік өзара әрекеттесу құралдары, әрине, иерархиялық ұйымдастырылған көптеген модульдер түрінде кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда төменгі деңгей модульдері, мәселен, екі көршілес тораптардың арасындағы электрлік дабылдарды сенімді түрде таратумен байланысты бүкіл мәселелерді шешеді. Жүйе қызметтерін жүзеге асыруға және суреттеуге арналған көпдеңгейлі тәсілдеме тек желілік құралдарға қатысты пайдаланады деуге болмайды. Осындай функциялау үлгісі, мәселен, файлға рұқсат алу үшін келіп түскен сұраныс бірнеше бағдарламалық деңгейлермен тізбектей өңделетін жаһандық файлдық жүйелерде пайдаланады. Сұраныс ең алдымен жоғары деңгеймен талданады, ол жерде файл нышанды құрама аты тізбектей жіктелу және бірегей файл идентификаторды анықтау шаралары жүзеге асырылады. Келесі деңгей бірегей атау бойынша файлдың бүкіл негізгі сипаттамаларын айқындайды: мекен-жайы, рұқсат ету атрибуттары. Содан соң айтарлықтай төмен деңгейде файлға рұқсат алу құқығын тексеру ісі жүзеге асырылады, одан әрі, талапқа сай мәліметтерді қамтитын файлдың облыстық координаттарын есептеп болғаннан кейін диск драйыердің көмегімен сыртқы құрылғылар мен физикалық алмасу жүзеге асырылады. Қос тораптың өзара әрекеттесуі қос атсалысқыш тораптардың сәйкес деңгейлерінің әрбір жұбы өзара әрекеттесу ережелерінің жиынтығы түрінде суреттелуі мүмкін. Бір деңгейде бірақ әртүрлі тораптарда жатқан желілік компаненттер алмасатын хаттамалардың тізбегі мен форматын анықтайтын ережелдер хаттама деп аталады.
Көршілес деңгейлердің және бірдей торапта жатқан хаттамаларды жүзеге асыратын модульдер нақты анықталған ережелерге сәйкес және хаттамалардың стандартқа сәйкес форматтарының көмегімен бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл ережелерді интерфейс деп атау қабылданған. Интерфейс берілген деңгейдің көршілес деңгейге беретін сервистер жиынтығын анықтайды. Жалпы алғанда, хаттама мен интерфейс бірдей түсінік береді, дегенмен дәстүрлі түрде желі ішінде оларға әралуан әрекет ету салаларын бекітті: хаттама әртүрлі тораптағы, бірдеңгейлі модульдердің өзара әрекеттесу ережесін анықтайды, ал интерфейс- бір тораптағы көршілес деңгейлер модулін.
Әрбір деңгейдің құралдары, біріншіден, өзінің жеке хаттамасын, ал екіншіден, көршілес деңгейлердің интерфейсін өңдейді.
Желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамаларының иерархиялы ұйымдастырылған жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады.
Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық түрде де, аппаратты түрде де жүзеге асуы мүмкін. Төменгі деңгейлер хаттамасы көп жағдайда бағдарламалық және аппараттық құралдардың жиынтығымен жүзеге асырылады, ал жоғрғы деңгей хаттамалары, ережеге сәйкес, таза бағдарламалық құралдардың көмегімен орындалады.