Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе



бет32/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

2.1.2. Жұмыс станциялары (СНК). MISC процессоры. Симметриялық көппроцессорлы жүйелер. Кластер.
Көп процессорлық жүйелер (КПЖ)
15.3.1 КПЖ ортақ негізгі (жедел) жадымен жұмыс жасайтын бірнеше процессорлардан құралған және бір ортақ операциялық жүйемен басқарылады. КПЖ – те ортақ жедел жады арқылы процессорлар арасында ақпарат алмасу КМЖ – ге қарағанда әлдеқайда тезірек жүреді. Бұл жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар КПЖ жөғары
өміршендік қасиеті бар, әрбір типтегі құрылғылардың кем дегенде бір
модулі жұмысқа қабілетті болса, бүкіл жүйе жұмысқа қабілетті болуын
сақтап тұрады. Сурет 15.4 КПЖ құрылымы көрсетілген. Ортақ өріс -
құрылғылардың тең құқылы қатынау дегенді білдіреді. Бұл жерде жедел жады, перифериялық құрылғылар модулі болуы мүмкін (СЕСҚ).

КПЖ құру кезінде көптеген мәселелер туындауы мүмкін, оларды шешу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
а) есептеуіш есептерді паралельдеу (үдерістер);
б) жүйенің бір ресурсын бір уақытта қолдану мүмкіндіктерінен
туындаған қарама-қайшылықты жеңу;
в) жүйе өнімділігіне әсерін қарама-қайшылықтарды азайту;г) тез әрекет еткізетін модуль аралық байланыстарды орнату.
КПЖ келесідей жіктейді:
а) біртекті (біртипті процессорлардан құралады) және біртекті
емес (әртүрлі типті мамандандырылған процессорлардан құралады);
б) бірдеңгейлі (процессор мәліметтерді өңдеудің бір ортақ деңгейін құрады) және көпдеңгейлі (жүйе бір негізгі процессормен бір немесе бірнеше бағыныңқы процессорлардан құрылады).

КПЖ орындалуының мысалдары:
а) Windows NT операциялық жүйесі бар Intel PR440FX фирмасының чипсетінде құрастырылған аналық плата; Платаға стандартты Pentium процессорлары орнатылады;
б) 1А - 64 Merced тпті 16-процессорлар негізіндегі IBM компаниясының SMP-жүйесі (басқа атауы – Itanium);
в) SUN фирмасы SMP типті 64-процессорлық сервер моделін ұсынады.
КПЖ –ның ерешелігі бұл алмасу желісінің болуы, оның көмегімен процессорлар жадымен байланысады. Осы тұрғыдан біртекті бірдеңгейлі КПЖ құрылымын қарастырайық. Процессорлардың жедел жадымен байланысуын ұйымдастыру
әдістері бойынша жүйені үш типтін біреуіне жатқызуға болады: а) мәліметтердің ортақ жедел жадысымен; б) мәліметтердің жеке жедел жадысымен; в) мәліметтердің жеке негізгі және ортақ қосалқы жедел жадысымен.
Мәліметтердің ортақ жедел жады модулі бар КПЖ жалпы жадының әртүрлі модулдерінде орналасқан мәліметтермен орындалатын есептерді шешу кезінде өте тиімді болып келеді. Сонымен қатар модулдер арасында мәліметтер алмаспайды деп айта аламыз. Осындай жағдайда жүйе процессорлары бұл модулдермен бір-біріне кедергі
жасамай жұмыс жасайды. Жадының әрбір модулінің мәліметтері кез
келген процессорларға немесе енгізу-шығару құрылғыларына қол жетімді, бұл жүйелердің мбебап болуына әсер етеді. Сурет 15.6 ортақ модулдік жадысы бар және матрицалық коммутаторы бар КПЖ құрылымы көрсетілген.

Пр1, Пр2,…, Прm әрбір процессорлары ЖЕСҚ1, ЖЕСҚ2,…, ЖЕСҚn жедел жадының кез келген модуліне қатынау орната алады. Соңғылары параллельді жұмыс жасайды және енгізу-шығару құрылғылар немесе процессорлар тарапынан біруақыттағы n жүгінуге рұқсат береді. Бірнеше Пр немесе ЕТҚ жедел жадының бір модуліне қатынау орнатса, онда бұл мәселе приоритет арқылы шешіледі.
Қарастырылған жүйенің матрицалық коммутаторына қойылатын ең негізгі талап – оның ауыстырып-қосылатын қасеттерінің процессордың бірегей қасиеттерінен артып түсуі.
Мәліметтердің ортақ жеке жедел жадысы бар КПЖ нақты бөлінген мәліметтер жиындары бар есептерді шешуге тиімді. Әр процессор Пр1, Пр2,…, Прm өзінің жады модуліне ЖЕСҚ 1, ЖЕСҚ 2,…, ЖЕСҚ n сұраныс жібереді. Бірақ процессорлар арасындағы деректердің сирек алмасуы үшін жүйе көмекші ортақ жедел жадысы мен алмасу блоктары АБ1, АБ2 ,…, АБm бар.

Алмасу операцияларын процессорлар тудырады. Алмасу операциясын басқару үшін жүйе құрамына коммутатор енгізілген. Мәліметтердің жеке негізгі және ортақ қосымша жедел жадысымен КПЖ, негізгі мәліметтердің үлкен архивінің қолдануымен
көп бағдарламалық жұмыстар үшін өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет