2.2 Сандық құрылғылардың жұмысын синхрондау
2.2.1 Сөздік бойынша, синхрондау – бірмезгілдік, түйісу және бір
әрекеттің уақыттық байланысы, параллельдік дегенді білдіреді.
Барлық сандық құрылғылар синхронды және асинхронды деп екіге
бөлінеді. Асинхрондық құрылғыларда кіріс сигналдарының өзгеруі
шығыс сигналдарының өзгеруіне әкеліп соғады. Мысал, И логикалық
элементтерінің жұмысын уақыт диаграммада көрсетілген:
Сурет 2.4 – Асинхрондық құрылғыны қолдану көрінісі
Синхрондық құрылғыда шығыс сигналдарының мәні кіріс
сигналдарының жаңа түріне сәйкес өзгеруі синхронды импульс
берілгеннен кейін ғана жүзеге асады. Мысалы, И логикалық
операцияларын орындайтын құрылғы жұмысын синхрондасақ, x1 = x2 = 1
мәнге ие болғанда, синхронды импульс келгенде шығыс сигналы 1 тең
болады, яғни С =1 .
Достарыңызбен бөлісу: |