Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе


тақырып. Ашық жүйелер, процессорлар



бет31/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

2.1. тақырып. Ашық жүйелер, процессорлар.
2.1.1. Ашық жүйелер архитектурасы. RISC-процессоры. Жабылмалы регистрлік терезелер мен регистрлердің үлкен жиынтығынан тұратын процессорлар архитектурасы.
Компьютер өндіруде есептеуіш техника құралдарының қазіргі даму кезеңінде қолданылатын командалар жүйесінің екі негізгі архитектурасы бар, олар RISC және CISC архитектурасы.
RISC (Reduced [Restricted] Instruction Set Computer) – компьютер процессоры қолданатын аздаған командалар жиыны. Бұл жиын тек қарапайым командалардан тұрады. Командалар коды айқын.
RISC архитектурасы жұмыс станциялар және серверлер архитектурасының негізі деп саналады. Оның артықшылықтары:
– өңдеу командаларын жадымен жұмыс істеу командалардан
бөлектеу;
– тиімді конвейерлік өңдеуге көп көңіл бөлу;
– кез келген команданы орындауға аздаған тактілер санын қажет етеді (жуық шамамен бір машиналық такт);
– командаларды орындау логикасы микробағдарламалық орындалуына емес, аппараттық орындалуына бағытталған;
– идекодтау логикасын декодтау үшін белгіленген ұзындықта және белгіленген форматта командалар қолданылады;
– 8 – 16 регистрлері бар CISC архитектурасына қарағанда үлкен регистрлік файлы (32 регистр) бар; бұл регистрлерде мәліметтердің үлкен көлемін сақтауға мүмкіндік береді;
– үш адрестік командаларды қолданады, бұл шифрді ашуды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар регистрлерде көптеген айнымалыларды сақтауға мүмкіндік береді.
Ашық жүйе” түсінігі.
OSI үлгісі, атауы көрсетіп тұрғандай (Open System Interconection), ашық жүйелердің өзара байланысын суреттейді. Ашық жүйе дегеніміз не?
Жалпы алғанда ашық жүйе деп кез-келген жүйені нұсқауға болады (компьютер, есептегіш желі, ОС, бағдарламалы пакет, басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер), ол ашық спецификацияларға сәйкес тұрғызылған.
Естеріңізге сала кетейік, “спецификация” терминінің астарында (есептегіш техникада) аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің пішіндік суреттемесі , оларды функциялау тәсілдері, басқа да компаненттермен өзара әрекеттесуі, пайдалану шарттары, шектеулер мен ерекше сипаттамалар ұғымдары тоғысқан. Бүкіл спецификацияның стандартқа сай еместігі мәлім. Өз кезегінде ашық спецификация
стандартқа сәйкес басылған, жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан бүкіл тараптардың жан-жақты талқылап, келісімнің нәтижесінде қабылданған спецификацияларды қамтиды. Шынайы жүйелер үшін толық құпиясыздық қол жетпес мінсіздік болып табылады. Ережеге сәйкес, ашық деп аталатын жүйелердің өзінде аталмыш анықтамаға сыртқы интерфейске қолдау көрсететін тек кейбір
бөліктері ғана сәйкес келеді. Мәселен, Unix операциялық жүйелер жиынтығының ашықтығы қосымшаларды Unix белгілі бір нұсқасындағы ортадан екінші бір нұсқадағы ортаға өте қарапайым жолмен көшіруге мүмкіндік беретін, ядро мен қосымшалар арасындағы стандартталған бағдарламалық интерфейстің болуымен түсіндіріледі. Ішінара ашықтықтың тағы бір мысалы барынша жабық Novell Net Ware жүйесінде адаптерлер жүйесіне дербес өндірушілердің желілік адаптерлерін қосу үшін Open Driver Interface (ODI) ашық интерфейсін қолдану болып табылады. Жүйені дайындауда ашық спецификация неғұрлым көп болса, ол соғұрлым ашық болып табылады.
OSI үлгісі ашықтықтың тек бір ғана аспектісіне жанасады, нақтырақ айтсақ есептегіш желімен байланысты құрылғылардың өзара әрекеттесу құралдарының ашықтығына байланысты. Бұл жерде ашық жүйе дегеніміз қабылданатын және жөнелтілетін хаттамалардың мазмұны мен мағынасын, форматын айқындайтын стандартты ережелерді пайдалана отырып басқа да желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы болып табылады.
Егер екі желі ашықтық қағидасын сақтай отырып құрылған болса, ода ол келесідей артықшылықтарға ие болады:
желіні бірдей стандартқа сүйенетін, әралуан өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының құрастыру мүмкіндігі;
желі кампоненттерін бөгде, айтарлықтай жаңа, аз шығынмен дамуға мүмкіндік беретін кампоненттермен ақаусыз алмастыру мүмкіндігі;
бір желінің екіншісімен жеңіл қосылу мүмкіндігі;
желіні игеру және қызмет көрсету қарапайымдылығы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет