Қ арағанды медицина университеті Морфология және физиология кафедрасы
СӨЖ Балалардың омыртқаларының құрылыстарының ерекшеліктерін сиппатау
Орындаған: Сиязбек А.
Топ: 1-003Педиатрия
Қабылдаған: Ассистент- профессор Кусаинова Б.С.
Қарағанды 2021
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Омыртқалар және олардың жас ерекшеліктер
2. Омыртқа сүйектері және, оның маңызы. ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер Остеология бөлімінде адамның қатты қанқасын зерттейді.Барлығы 208 сүйектенқұралған қаңқа дененің ауқымды бөлігін алып жатыр.Қанқаның жалпы салмағы 5-6кг.Бұл әйелдердің салмағынын 8,5% жуығын құрайды ал ер адамдарда 10% жуық салмағын алып отыр.Қаңқаны зерттегенде оның әртүрлі пішінді сүйектер қосылысынан құралғанын байқауға болады.Сондықтан оларды төмендегідей нақты пішіндік топтарға бөлуге болады.
1.Жілік сүйектері: ұзын (білек , сирақ сүйектері), қысқа(саусақтар мен бақайлар)-олар адам денесінде иіндік қызмет атқарады.Ұзын жілік сүйектерінің шеттері жуандап, беттері буындық шеміршекпен жабылып, буындық беттер түзеді
2.Қысқа сүйектер қаңқаның ауқымды қозғалатын аймақтарының қаңқаға түсетін қысымдық күштерге қарсы тұра алатын жерлерінде кездеседі.
3.Жалпақ сүйектер қаңқаның кейбір қуыстарының қабырғаларын құрауға қатысады.Оларға бассүйек күмбезінің сүйектерін жатқызуға болады.
4.Аралас сүйектер.Оларға мысал,омыртқалар.Омыртқаның денесі қысқа сүйектер сияқты құрылса,денесі мен өсінділері жалпақ сүйектерге ұқсайды.
Адам қаңқасы сүйектерінің басым бөлігі онтогенезде жарғақтық шеміршектік және сүйектік қалыптасу сатыларынанөтеді,ол көп жағдайда хордалықтардың филогенездік даму үрдістерін қайталау дегеніміз.
Тұлға сүйектерінің эмбрионалдық дамуы ұрықтың ортаңғы жапрақшасы мезодермадан дамиды.