Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе



бет34/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

2.2. тақырып. Көпмашиналы жүйелер.
2.2.1. Көпмашиналы жүйелер және кешендер. ЭЕМ локальді желілері, типтері, біріктіру тәсілдері.
Көп машиналық жүйелер (КМЖ) бірнеше компьютерлер жиынынан тұрады, әрбіреуде негізгі жадылары (жедел жад) болады және жеке операциялық жүйенің
басқаруымен жұмыс атқарады. КМЖ құрамына ақпаратпен алмасудың машина аралық құралдары кіреді. Ақпаратпен алмасу компьютерлердің операциялық жүйелерінің
өзара байланысуы арқылы жүзеге асады. Бұл мәліметтермен машина аралық алмасудың жылдамдығын азайтады. Аппараттық және бағдардарламалық артықтықтың болуы жүйеге жоғары сенімділік және әзірлікті қамтамасыз етеді. Бірақ, егер жүйедегі әр компьютерде кем дегенде бір құраушысы істен шықса, онда жүйе түгелдей жұмыс атқаруға
икемсіз болады. Бірнеше сериялық компьютерлердің құралдарынан құрастырылған
КМЖ-ны көп машиналық есептеуіш комплекстер (КМЕК) деп атайды. Оларды көбінде белгілі бір объектілерді (технологиялық үрдістерді басқаратын автоматтандырылған жүйенің құрамындағы объектілер) басқаруға қолданады. КМЕК конфигурациясы заманауи компьютерлік өндірістің ұсынатын кең диапазонында, ең қарапайым «қатаң» схемалардан және кластерлік жүйелерге дейін жайылып жатыр. Қарапайым «қатаң» схемалар жеке тұрған 1:1 қатынасындағы «маңызды» резервтерге негізгі компьютердің схемасын қайталауды қамтамасыз етеді. Бұл екі машиналық жүйенің құрылымы сурет 15.1 көрсетілген. Кластерлік жүйеде бір компьютер жұмысқа қабілетсіз жағдайда кластердегі кез келген біреуінің жұмысын өзіне бағыттауы мүмкін. АНЫҚТАМА: «Кластер – қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушылар үшін компьютерлердің бір бүтін етіп біріктірілуін айтады». КМЕК параллель деректер базасы технологиясын орындауға мүмкіндік береді. Бұл технология көптеген компьютерлерге бір деректер азасына үлестірілген қатынауды қамтамасыз етеді. Тапсырмаларды процессорлық ресурстар жиынтығы бойынша бөлу және олардың
параллельді орындалуы транзакцияның өткізгіштік қабілетін арттырып, бір уақытта жұмыс жасайтын пайдаланушыларды қолдайды. Параллель деректер базалары шешім қабылдау жүйелерінде, on-line режиміндегі транзакцияларды өңдейтін жүйелерде кең қолданыста.

КМЖ жіктелуі:


а) біртекті (біртипті компьютерлерден құралады) және біртекті
емес (әртүрлі типті компьютерлерден құралады);
б) бірдеңгейлі (компьютерлер мәліметтерді өңдеудің бір ортақ деңгейін құрады) и көпдеңгейлі (ақпаратты өңдеудің әртүрлі деңгейлердің иерархиялық құрылымы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет