Фирманың атауы ағылш. apple ('алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді.[3] Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобскелгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
Apple-дің ең бірінші логотипін Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.
Apple фирмасының мәліметтер жинақтауыштарды басқару архитектурасы (Архитектура управления носителем фирмы; Apple Apple Media Control Architecture (АМСА) — Macintosh дербес компьютері базасында мультимедиа жүйесіне арналған Apple фирмасының архитектурасының стандарты.