1.1.2. Операциялық жүйелер, қабықшалар және орталар, платформалар арасындағы өзара байланыс. Жүйелік программалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін- операциялық жүйе құрайды.
Операциялық жүйе (ОЖ) - компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы программаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа программалармен үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және программаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын программалар жиыны.
Операциялық жүйе компьютердің программалық жасақтаманың қажетті құрамасы болып табылады. Ол компьютердің барша аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен, тұжырымдай келе ОЖ компьютердің барлық аппараттық құрамдас бөліктерінің жұмыс жасауын, өзара байланысын қамтамасыз етеді және пайдаланушыға оның аппараттық ресурстарына қатынасуға мүмкіндік береді.
ОЖ қызметтері
Басты қызметтері (қарапайым ОЖ):
жедел жадыға қосымшаларды жүктеу және оларды орындау;
сыртқы құрылғыларға (енгізу-шығару құрылғылары) стандартты кіру;
жедел жадыны басқару (үрдістер арасын бөлу, виртуалды жады);
электр энергиясынан тәуелсіз тасымалдауыштардағы (қатты диск, компакт-диск, т.с.с) файлдық жүйеде ұйымдастылған деректерге кіруді басқару;
пайдаланушылық интерфейсі;
желілік амалдар, протоколдар стектерін қолдау.
Қосымша қызметтері:
есептерді паралельді немесе жалған паралельді орындау (көп есептілік);
үрдістер арасындағы әрекеттесу: деректермен алмасу, өзара үйлестіру;
пайдаланушының әрекеттерінен (білмегендіктен немесе арамдықтан) немесе қосымшалардан, жүйенің өзін, сонымен қатар пайдаланушылық деректерін және программаларды қорғау;
кіру құқығын шектеу және көп пайдалынатын жұмыс режімі (аутентификациялау, авторландыру).
ОЖ төрт бөлікке бөлуге болатын пограммалардан тұрады: файлдық жүйені басқаратын, негіздік модуль;
командалық процессор;
сыртқы құрығылардың драйверлері;
графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.
Компьютердің жұмыс үрдісі, оның құрылғыларының арасында
файлдарды алмастыруға түйінделеді, яғни файлдық жүйені басқару болып табылады.
Файлдармен жұмысты - негіздік модуль арнайы программасы қолдайды.
Әр құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Пайдаланушы компьютермен пернетақта және тінтуірдің көмегімен тілдеседі. Әр перненің немесе тінтуірдің батырмасының басылуы, процессорға қайсыбір команда болып ұсынылады. Команда енгізілген соң, арнайы программа - командалық процессор оны шифрын ашады және орындайды.
Сыртқы құрылғылар компьютердің жүйелік блогына арнайы келістіруші тақшалар (контроллер) арқылы қосылады. Әр құрылғы ерекше программа бойынша жұмыс істейді және ақпаратты әртүрлі жылдамдықта өңдейді, сондықтан олардың жұмысын процессордың жұмысымен үйлестіру қажет. Құрылғылардың келісушілік жұмысына ОЖ құрамына кіретін арнайы программалар - құрығылардың драйверлері жауап береді.
Пайдаланушыға компьютермен тілдесу үрдісі ыңғайлы болуы қажет. Қазіргі ОЖ құрамына міндетті түрде, графикалық интерфейсті жасайтын модульдер кіреді.
ОЖ жүктеу үрдісі
ОЖ файлдары әдетте қатты дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын программасы жүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда түруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады.
Компьютер жұмыс жасау үшін, жедел жадыда міндетті түрде негіздік модуль, командалық процессор, цосылган цүрылгылардың драйверлері тұруы қажет. Г рафикалық интерфейстің модульдері пайдаланушының ықтиярымен жүктелуі мүмкін. Windows жүйесінің жүктелу нұсқалары, мәзір түрінде таңдалады.
Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші программа (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу программалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды.
Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші программаны іздейді де, ол программаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.
Одан әрі, дискіден ОЖ негіздік модулін іздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.
Негіздік модульдің құрамына кіретін басты жүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді.
Бұл процедура, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт). Көбінесе қайтадан жүктелу процедурасы (Reset пернесі басылганда) жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша “горячий" старт).
ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалық процессорға беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.
MS-DOS операциялық жүйесі
MS-DOS (Microsoft System Disk Operation System) ОЖ командаларды диалогты енгізу принципінде құрылған. Егерде DOS диалогка дайын болса, онда дисплей экранына мына шақыру шығарылады:
C:\>
Команданың құрамы атауынан және бос орынмен бөлінген, параметрлерінен (егер болса) тұрады. Команданы енгізу ENTER пернесін басумен аяқталады.
MS-DOS ерекше мүмкіндіктері
16-разрядтты процессормен тиімді жұмысы;
бір есептілілігі, яғни нақты уақыт сәтінде, бір программаның орындалуы;
жұмысы мәтіндік режімде;
ДК қосымша және кеңейтілген жадының жұмысы бойынша шек қою.
MS-DOS құрамы:
негіздік енгізу-шыгары жүйесі (BIOS) модулі тұрақты сақтау құрылғысында тұрады - ДК қосқанда процессорды, жадыны және құрылғылардың жұмыс жасауын тексереді, ОЖ жүктеушісін шақыру программасы тұрады;