Adres.txt файлының мазмұнын толықтырып қайта сақтаңыз.
Тақталарды басқару
TAB -меңзерді оң немесе сол тақтаға ауыстыру;
Ctri+O - екі тақтаны қатар экраннан жою;
Ctri+F1 - сол жақ тақтаны экраннан жою;
Ctri+F2 - оң жақ тақтаны экраннан жою;
Ctri+Q - ағымды (меңзер тұрған) каталогтың мазмұнын, көлемін көрші тақтада көрсетеді;
Ctri+L - C дискісіндегі, жедел жадыдағы ақпараттың, қалған бос орынның көлемін көрші тақтада көрсетеді;
Home - меңзерді тақтаның ең бірінші жолына жедел ауыстырады;
End - меңзерді тақтаның ең соңғы жолына жедел ауыстырады;
Басқа дискіге көшу: Керек дискі мазмұнын кез - келген тақтадан көруге болады:
Alt+ F1 - сол жақ тақтада диск атауларының тізімін шығарады;
Alt + F2 - оң жақ тақтада диск атауларының тізімін шығарады.
Файлдарды іріктеу:
Ctrl + F3 - Файлдарды аты бойынша іріктеу;
Ctrl + F4 - Файлдарды кеңейтімі бойынша іріктеу;
Ctrl + F5 - Файлдардың құрылған датасы және уақыты бойынша іріктеу;
Ctrl + F6 - Файлдарды көлемі бойынша іріктеу;
Ctrl + F7 - Файлдарды іріктемеу (дискіге жазылған тәртібімен шығару).
MS DOS және Norton жүйелері бойынша анықтама
Суық жүктелу — ДК пернелерін басу
|
RESET немесе ВКЛ
|
Қайта жүктеу, пернелерді бір мезгілде қатар басу
|
Ctrl+Alt+Del
|
Жүйе жүктелу кезінде SETUP кіру үшін
|
DEL немесе F1
|
Нортон-жүенің басқа тақтасына ауысу
|
TAB
|
ЖОҒАРҒЫ РЕГИСТРГЕ көшу
|
SHIFT
|
Белгілеу, регистрді белгілеуден қайтару
|
CAPSLOCK
|
Қайтару
|
ESC
|
Беттерді (экранды) аяғына қарай аудару
|
PAGE Down
|
Беттерді (экранды) басына қарай аудару
|
PAGE UP
|
Файлды қарау
|
F3
|
Файлды қарау және түзету
|
F4
|
Жаңа файл құру
|
Shift+F4
|
Файлдың (каталогтың) көшірмесін алу
|
F5 немесе COPY атыі аты2
|
Файлдың (каталогтың) атауын өзгерту
|
F6 немесе REN атыі аты2
|
Жаңа директория құру
|
F7 немесе MD аты
|
Файлды жою
|
(каталог)
|
F8 немесе DEL файл аты
|
RD каталог аты
|
Файлды баспаға шығару- меңзерді файлға апару, F5 басу және PRN теру
|
F5+PRN немесе теру PRINT аты
|
Программаны орындау - меңзерді атына апару және Enter немесе командалық жолда программаның атауы (егер қажет болса параметрлерін) және Enter
|
Enter
|
Диск көлемін қарау —керек дискіні тауып теру
|
Ctrl+L
|
Алғашқы жағдайына қайтару _ қайталау
|
Ctrl+L
|
Директория көлемін көру (одан шығу)
|
Ctrl+Q
|
Алғашқы жағдайына қайтару _ қайталау
|
Ctrl+Q
|
NORTON тақталарын алып тастау. Алғашқы жағдайына қайтару _ қайталау
|
Ctrl+O, барлығын Ctrl+Fl, сол жақ терезе Ctrl+F2 оң жақ терезе.
|
Файлды тез табу - Alt+F7 және толық атауын теру немесе файл меңзер тұрған дискіде атауның басын теру
|
Alt+F7
|
Директориядағы керек файлға тез бару
|
ALT- басып файл атауыньщ бірінші символдарын тізбектеп теру
|
Алдыңғы команданы шақыру
|
Ctrl+E немесе ALT+F8
|
Программаны алу (орысша снять) үзу (орысша прервать)
|
Ctrl+Break кейде Ctrl+C, Ctrl+Q, ALT+X
|
Орыс (латын) шрифтіне өту
|
оң Shift, кейде сол CTRL, екі Shift қатар, Shift + ALT
|
Файл атауын командндалық жолға енгізу- мензеоді керек атауға апару жене басу
|
CTRL+ENTER
|
Дискетаны форматтау (пішімдеу)
|
format a: /c
|
Жүйелік дискетаны форматтау (пішімдеу)
|
format a: /s/c
|
Архиватор бойынша анықтамалар
|
arj, ice, pkunzip
|
Директорияда бәрін қаттау (орысша запокавать)
|
arc архиваты3
|
Директорияда қаттауды ашу (распаковать)
|
pkxarc архиваты
|
Директорияның ішінде қаттау
|
pkzip архиваты
|
Директорияда ішкі директориялармен қаттауды ашу
|
pkunzip -d архиваты
|
Директорияның ішінде барлық файлдарды қаттау
|
arj а архиваты
|
Директорияның ішінен барлық файлдарды қаттауды ашу
|
arj x архиваты
|
Бір файлға қаттау
|
arj а архиваты
|
Өлшемі 1.2 Мб қаттау
|
arj a -vl200 архиваты
|
Өлшемі 1.44 Мб қаттау
|
arj a -vl440 архиваты
|
D: дискісіне қаттауды ашу
|
arj х архиваты. arj D: \
|
Директорияларға өлшеммен қаттауды ашу
|
arj x -v -у архиваты
|
Архивтен бір файлды шығару
|
ar] х архиваты. arj файлы
|
Директорияда ішкі директориялармен қаттау
|
Arj а -г архиваты
|
С: дискісін вирусқа тексеру
|
aidstest с: /f/g
|
NORTON редакторына кіру
|
не аты
|
Бәрін өрекшелеу, цифрлық пернетақтада
|
*
|
Директориядағы файлдар тобын ерешелеу в
|
+ Enter, "+" цифрлық пепнетактала
|
Көмекші программалар (утилиттер)
Утилит (utility немесе tool) - арнайы, өзіндік қызметті орындайтын, аппараттық жабдықтаманың және операциялық жүйенің стандартты мүмкіндіктерін кеңейтетін компьютерлік программа.
Утилиттер көптеген мүмкіндіктерге (параметрлерге, баптауларга, цоюга) жол ашады, немесе кейбір параметрлерді өзгерту үрдісін автоматтандырады.
Утилиттер көбінесе операциялық жүйелердің құрамына кіреді немесе мамандандырылған аппаратты жасақтама топтамасымен келеді. резервтеу программалары - компьютердің қатты дискісінде тұрған керек ақпаратты, дискеталарға, алмалы-салмалы дискілерге, стример кассетасына тез көшірмелеуге мүмкіндік береді;
антивирустық программалар — компьютерлік вирусты жұқтырудан сақтап қалу үшін және оның зардабын жоюға арналған;
қаттау программалары (упаковщики) - (apxивaтopлар) - ақпаратты «қаттаудың» арнайы әдістерін қолдану арқылы, дискіде ақпаратты қысуға, яғни файл көшірмелерінің кішкентай көлемін жасау, сонымен қатар бірнеше файлдардың көшірмелерін бір архивтік файлға біріктіруге мүмкіндік береді;
руссификатор программалары - орыс әріптерімен (мәтіндермен, пайдаланушылармен және т.б.) жұмыс жасау үшін басқа программаларды (әдетте ОЖ) икемдейді;
компьютерге диагностика жасайтын программалар - компьютердің конфигурациясын және оның құрылғыларының жұмысқа дайындығын тексеруге мүмкіндік береді;
кэштеу программалары- дискіде көбінесе жиі қолданылатын учәскесінен тұратын, жедел жадыда кэш-буферін ұйымдастыру арқылы, дискідегі ақпараттарға кіруді (қатынасуды) жылдамдатады;
тиімдестіру (оптимизациялау) программалары- дискіде деректердің орналастыруын тиімдестіру арқылы, дискідегі ақпараттарға жылдамдау кіруді (қатынасуды) қамтамасыз етеді;
дискілерді динамикалық сыгу программалары - файлдар түрінде компьютердің дағдылы (кәдуескі) дискілеріне, ақпарат сығылған түрінде сақталып, жалган (орысша псевдодиски) дискілер құрылады, бұл дискілерде көбірек деректерді сақтауға мүмкіндік береді.
кіруді (қатынасуды) шектеу программалары -компьютерде сақталған деректерді, біліксіз немесе керексіз пайдаланушылардан қорғау мүмкіндігін жасайды.
1.1.3. IBM типіндегі ДК, архитектурасы мен мүмкіндіктері. APPLE фирмасы шығаратын дербес компьютерлер туралы жалпы түсінік.
1975 жылы АҚШ алғашқы сериялық ДК пайда болуы адамның барлық қызмет саласында революциялық аударым жасады. Бірінші ДК ашық архитектура принципіндегі әр түрлі ЭЕМ жасауға болатын электрондық блок түрінде құрылды. 1981 жылы блок-модульдік конструкциядағы ДК шыға бастады. Кіші ЭЕМ ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында кең тарауы компьютерді қолданушыға жақындатумен түсіндіріледі. Кіші-ЭЕМ-дер кәсіпорындар мен өндірістерде қолданылды, себебі үлкен ЭЕМ –дерді қолдану үнемдеу жағынан пайдасыз. ДК кіші класқа жатады және жеке қолдануға арналған; әртүрлі саладағы мамандардың интеллектуалдық еңбегінің өнімділігін арттыратын жалпы қолайлы универсалдық инструмент. Ол қолданушымен диалогтық режимде автономды жұмыс атқаруға арналған. ДК-ң жалпы қолайлылығы салыстырмалы түрде кіші бағасымен, компактілігімен, қолдану шарттары мен қолданушының дайындық деңгейіне арнайы талаптардың жоқтығымен анықталады.
Негізгі ДК кішіпроцессор (КП) болып табылады. КП техникасының және технологиясының дамуы ДК ұрпағына алмастыруды әкелді:
Бірінші кезеңі (1975-1980ж)- 8- разряд базасындағы КП
Екінші кезеңі (1981-1985ж)- 16- разряд базасындағы КП
Үшінші кезеңі (1986-1992ж)- 32- разряд базасындағы КП
Төртінші кезеңі (1993ж-қазіргі кезге дейінгі)- 64- разряд базасындағы КП
ДК-ң дамуында 1981 ж Intel-8086 кіші процессор базасы негізінде IBM (АҚШ) кәсіпорнымен шығарылған IBM РС компьютерінің пайда болуы үлкен рөлді алды.
Бұл компьютер нарықта үлкен сауда орнын алды. Басқа да компьютерлік фирмалар осы компьютер моделіне сай етіп компьютерлер шығара бастады. Біздің күнде сатылатын компьютерлердің 85% IBM РС архитектура базында жасалған.
ДК-ны өндірудегі даму келесі факторлармен анықталады:
Арзан бағасымен
Қолдануға және түсінуге оңай диалогиялық программалар құралдары
Жеке жұмыс үшін қызмет орнында қолдануы
Ақпаратты өндіруде салыстырмалы түрде үлкен мүмкіндіктері бар
Адамның қызмет етуінің барлық саласында ДК-ны қолдануда программамен қамтамасыз етеді
ДК –ны локальдық есептеу желісіне бірлестіру мүмкіндіктері
ДК қызмет көрсетуі және міндеті бойынша 3 топқа бөліп көрсетуге болады: тұрмыстық , жалпы міндеттік және профессионалдық.
Тұрмыстық ДК көпшілік тұтынушыларға арналған, сондықтан олар жетерліктей арзан, берік және қарапайым пішінді болуы керек. Оларды үйде ойын-сауық үшін тұрмыстық техникамен басқару үшін қолданылады.
Ортақ міндетті ДК ғылыми-техникалық және экономикалық есептерді шешу үшін сонымен қатар үйрену және жаттығу үшін қолданылады. Бұл машиналар кіші процессорінің жоғарғы өнімділігі, оперативтік жадының сиымдылығы деңгейінің үлкендігі, иілгіш және қатты магнит дискілеріндегі сыртқы жадына ие. Интерфейстер есептеу жүйесінің құрамында жұмыс істеу үшін перифериндік құрылғылардың көптеген санын қосуға мүмкіндік береді. Бұл ДК класы әлемдік нарықта кең көлемде таралған.
Профессионалдық ДК ғылым саласында өндірістік есептер мен қиын ақпараттарды шешу үшін кең қолданылады. Профессионалдық ДК-ң қолданушылары маман-программистер болып табылады. Қазіргі кезде қиын есептерді шешуде көп процессорлік профессионалдық ДК-лар қолданылады.
Салмағын және габариттерін азайту үшін LAPTOP компьютері және NOTEBOOK компьютер-блокноттар шығарылуына әкелді. Ноутбук және лэптоп – пернетақта мен жүйелік блок бір корпуста шабадан түрінде орындалған кішкентай ДК.Корпустың қақпағы электрондық негізінен бөлінбей байланысқан сұйық кристалды дисплей ЭЕМ мен дисплей арасындағы сымдар корпуста жасырылынып жасалған. Бұл модельді компьютерлер техникалық параметрлері бойынша әдеттегі компьютерлердің атқаратын функцияларынан сәл төмендеу болып келеді. Ноутбукта ДК сияқты қосымша сканер, принтер, модемдер және т.б. құрылғыларды қосуға болады. Бұданда кіші көлемдегі PALMTOPS атты компьютерлер бар.Бұндай компьютерлер алақанға да сиып кетеді.
Дербес компьютердің архитектурасы — ол оның негізгі бөліктерін: процессорды, жедел сақтау қүрылғысын (ЖСҚ),
бейнежүйені, диск жүйесін, сыртқы қүрылғыларды және енгізу- шығару қүрылғыларын циыстыру (орысша компоновка).
IBM корпорациясы қүрастырған дербес компьютердің ашық архитектурасы мынаны ұсынады:
жалпы жүйелік шинаның болуы, оған кеңейту қосқыштары ^орысша разъем) арқылы қосымша қүрылғылар қосылады;
компьютердің модульді қүрылуы;
барлық жаңа қүрылғылардың және программалық қүралдардың бұрынгы нұсцаларымен үйлесімділігі.
Ашық архитектура принципі - бүл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмага тәуелсіз, өз-ара толыгымен үйлесімді жаңа қүрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі.
Бүл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа қүрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Компьютердің модульді құрылуы - ақпарат алмасуыда магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Қүрылғылар арасында ақпарат алмасу үш көп разрядтты шиналар (көп сымды байланыс линиясы) арқылы жүреді (2.3-сурет).
Жүйелік шина - әртүрлі түйіндердің әрекеттесу стандарттарын аппараттыц түрде іске асырылуы.
Оның разрядтылыгы көбіне, компьютердің өнімділігін анықтайды, себебі ол процессорды, жедел сацтау цұрылгыны (ЖСҚ), кеңейту слоттарын өзара қосады.
Жүйелік шина деректерді берудің үш багытын қамтамасыз етеді:
микропроцессормен негізгі жады арасында;
микропроцессормен және сыртқы қүрылғылардың енгізу- шығару порттарының арасында;
негізгі жады және сыртқы қүрылғылардың енгізу-шығару порттарының (жадыға тура қатынасу режімінде) арасында.
Жүйелік шинаны микропроцессор не тікелей, не, көбінесе цосымша микросхема - негізгі басқарушы сигналдарды қалыптастыратын шина контроллері арқылы басқарады. Деректер шинасының разрядтылығы процессордың разрядтылығымен анықталады (яғни, процессордың бір ырғағында өңдейтін екілік разрядтар саны). Деректер шинасы екі бағытты: процессордан құрылғыға және керісінше.
Адрестеу кодын процессор қалыптастырады және адрестеу шинасы тасымалдайды. Адрестеу шинасы тек бір бағытты - процессордан құрылғыға қарай болады.
Жадының адрестелген көлемін разрядттылық анықтайды және деректер шинасының разрядттылыгымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Басқару шинасының бойымен алмасатын ақпараттың сипатын (енгізу/шығару), анықтайтын сигналдарды және құрылғылардың әрекеттесуін үйлестіруші сигналдар тасымалданады.
Барлық блоктар, дәлірек айтқанда олардың енгізу/шығару порттары, шинаға бірыңгайланган (орысша унификацияланган) сәйкес немесе контроллер (адаптер) арқылы.
Жүйелік шинаның маңызды функционалдық сипаттары, ол қызмет көрсетілетін құрылгылар саны және өткізу қабілеті, яғни деректерді тасымалдауда барынша көп мүмкін жылдамдығы. Шинаның өткізу қабілеті оның разрядттылыгына (16-, 32- және 64-разрядтты) жұмыс жасауының ыргақ жиілігіне тәуелді.
Жүйелік шинаның физикалық ұсынылған түрі, аналық тақшаның үстінде орналасқан паралельді өткізгіштер.
2.4-сурет. PCI шинасының қосқыштары (жогарыдан төмен: x4,x16,x1 және x16), кәдімгі 32-биттік PCI шинасының қосқыштарымен (төменде) салыстырганда.
Компьютердің әртүрлі құрылғыларын бір бірімен қосу үшін, олардың интерфейстері (ағылш. interface, inter - арада, face - бет) бірдей болуға тиіс.
Интерфейс - бұл, барлық физикалық және логикалық параметрлері өзара келістірілген екі цұрылгыны түйіндестіру (орысша сопряжения) құралы.
Егер, интерфейсті көпшілік қабылдаған болса, мысалы, халықаралық деңгейде келісіліп бекітілген, онда ол стандартты деп аталады.
Функционалды элементтердің (жад, монитор немесе басқа құрылғы) әр қайсысы бір гана типке қалыптанган шинамен - адрестеу, басқару немесе деректер шинасымен байланысқан.
Интерфейстерін келістіру үшін, сыртқы құрылғылар шинаға тікелей қосылмайды, өздерінің контоллерлері (адаптерлері) және порттары арқылы шамамен мына схемада көрсетілгендей қосылады:
Контроллер (құрылғының бақылаушысы) және адаптер (байланыстыру құрылғысы) - интерфейстерін сәйкестіру мақсатында, копмьютер құрылғылары жабдықталған электрондық тізбе жиынтыты.
Контроллер одан басқа, микропроцессордың сұрауы бойынша, сыртқы құрылғыларды тікелей басқаруды жүзеге асырады.
Құрылгылардың порттары - бір немесе бір неше енгізу- шыгару регистрлі және компьютердің сыртқы құрылғыларын микропроцессордың сыртқы шиналарына қосуға мүмкіндік беретін әлдебір электрондық схемалар.
Сонымен қатар, стандартты интерфейс кұрыгылары: тізбектей жалзасқан (орысша последовательный), параллель және ойын порттары (немесе интерфейстер) - порттар деп аталады.
Тізбектей жалгасцан порт - деректі процессормен бір-бір байттан, ал сыртқы құрылғылармен - бір-бір биттен айырбастайды.
Параллель порты - деректерді бір-бір байттан алады және жібереді.
Тізбектей жалзасқан портқа, әдетте баяу істейтін немесе едәуір алысталған құрылғыларды (тінтуір немесе модем сияқты) қосалады.
Параллель портқа «жылдамдау» құрылғылар - принтер немесе сканер қосылады.
Ойын порты арқылы джойстик қосылады. Пернетақта және монитор өздерінің қосқыштары деп аталатын арнаулы портарына қосылады.
Процессордың архитектурасын анықтайтын негізгі электрондық құрамдастар, жүйелік немесе аналық (MotherBoard) деп аталатын компьютердің негізгі тақшасында орналасады. Қосымша құрылғылара арналған контроллерлер және адаптерлер, не ол құрығылардың өзі кеңейту тақшалары түрінде орындалады фа^МегВоаМ-орысша дочерняя тақша) және шинаға, кеңейту слоттары (slot — саңылау) деп аталатын кеңейту қосқыштарының көмегімен қосылады.
Қазіргі кезде жүйелік шинада айналасы үш типті слоттар қойылады: PCI, AGP және дыбыс құрылғылары үшін қосқыштардың варианттының біреуі.
Қазіргі дербес компьютерлерде сыртқы құрылғылардың көп типтері үшін (модем, дыбыс тақшасы және басқа) PCI слоттары арналған. Осы заманғы бейнекарталарды қою үшін AGP слоттары қолданылады.
Apple Inc. (ˌæp(ə)lˌɪŋk, қаз. Әппл) дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. [2]. Бас пәтері Калифорния штатындағы Купертино қаласында.
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.
Достарыңызбен бөлісу: |