Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе



бет21/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

ОЖ жүктеушісі - атауы жоқ, дискінің басында, бірінші сектордың, нөлінші жолында жазылған, ОЖ басқа модульдерін жүктейді;

  • негіздік енгізу-шыгары жүйесін кеңейту модулі- стандартты емес құрылғыларға қызмет етеді (Io.sys файлы);

  • үзілістердіі өңдейтін модуль - басты модуль, жүйелік

    ресурсқа, оның ішінде файлдық жүйеге программалық сұраныстарды қолдайды, ДК құрылғыларын және программалық жасақтаманы әрекеттестіреді;

    • командалық процессор - пайдаланушының командаларын өңдейді (command.com файлы^;

    • MS-DOS сыртқы командалары - арнайы қызмет жасайды

    (әдетте қатты дискіде DOS каталогында сақталады);

    • енгізу-шыгару цүрылгыларының драйверлері - сыртқы

    құрылғылардың жұмысына қызмет жасайтын жүйелік программалар;
    MS-DOS файлдық жүйесі— ұзақ мерзімді жадының логикалық элементтерін ұйымдастыру тәсілі (файлдар, каталогтар және логикалық дискілер).
    MS-DOS жүйесінде файлдың атауы -екі бөліктен құралады: аты 8 таңбадан аспайтын латын алфавитінің символдары, әрі қарай нүктеден кейін, 3 таңбалық кеңейтімі. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe.
    MS-DOS командалары ішкі және сыртқы деп бөлінеді
    MS-DOS сыртқы командалары дискіде орындаушы файл есебінде, жеке файлдарда сақталып, қажеттілігіне қарай шақырылады.
    Ішкі командалар командалық процессормен (command.com) орындалады, сондықтан бұл командалардың өңделуі тездеу орындалады (сыртқыға командаларға қарағанда)
    MS-DOS командалары
    MS-DOS командалары атқаратын нышандары (орысша признаки) бойынша мына топтарға бөлінеді:

    • ақпаратты- бекітілген командалар;

    • логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары;;

    • каталогтармен жұмыс жасау командалары;

    • файлдармен жұмыс жасау командалары.

    Ақпаратты- бекітілген командалар:
    VER — MS-DOS жүйесінің нұсқасын экранға шығару командасы (ішкі)
    DATE — экранға ағымдық датаны шығару командасы (ішкі);
    TIME — экранға ағымдық уақытты шығару командасы (ішкі);
    CLS — экран тазалау командасы (сыртқы).
    Логикалық дискілермен жұмыс жасау командалары:
    Екпінді дискіні ауыстыру командасы (ішкі);
    Ауыстыру тәртібі:

    1. C:\> жүйелік шақыру жолында диск енгізгіштің атын білдіретін әріпті қос нүктемен теру;

    2. ENTER пернесін басу. Мысалы: C:\>A:

    FORMAT — дискілерді форматтау командасы (сыртқы);
    DISKCOPY — дискетті көшіру командасы (сыртқы).
    Каталогтармен жұмыс жасау командалары (ішкі):
    DIR [диск:] [жол\] [файл аты] — белсенді каталогтан файлдардың тізбесін қарау командасы (ішкі);
    Мысалы: DIR D: student\*.txt - экранға мәтіндік файлдардың
    аттарының тізімін шығарады;
    DIR/W - ақпаратты қысқа түрде бағаналап шығарады;
    DIR/O - экранға ақпаратты реттеп шығарады;
    MD [диск:] [жол\] [каталог аты] - айтылмыш атпен каталог құру командасы (ішкі);
    Мысалы: C:\>MD D: GRUPPA\ - D дискіде GRUPPA деген каталог құрылды;
    CD [диск:] [жол\] [каталог аты] - басқа каталогқа көшу командасы;
    Мысалы: C:\> CD D: GRUPPA\
    C:\ GRUPPA> - түбір C диск каталогынан GRUPPA каталогына көштік.
    RD каталог аты - каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS- DOS - та тек бос каталогты өшіруге болады).
    Файлдармен жұмыс жасау командалары (ішкі);
    COPY [диск:] [жол\] көшірілетін файл аты [диск:] [жол\] көшірме файл аты — мәтіндік файлды көшіру командасы;
    TYPE [диск:] [жол\] [файл аты] — экранға файл мазмұнын шығару командасы;
    REN [диск:] [жол\] 1-аты 2-аты — файлдың 1-ші атын 2-ші атқа өзгерту командасы;
    DEL файл аты — файлдарды өшіру командасы.
    Қабықша программалар. Norton Commander (NC)
    Жүйелік программалар жиынына қабықша программалар жатады. MS-DOS операциалық жүйесі үшін ең белгілі қабықша программалар Norton Commander, XTree Pro Gold және т.б.
    Norton Commander (авторы Питер Нортон1) - қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған операциялық қабықша программасы.
    Қазіргі кезде Norton жүйесі екінші қатарға «шегерілгенімен», әлі де болса белгілі, ескірген аз қуатты компьтерлерде қолданыста.
    Windows операциялық жүйесі үшін Нортон-жүйесінің өз нұсқасы2 жасалды.
    Norton Commander - орындалушы NC.EXE файлымен іске қосылады. Экранда екі оң және сол тақталары пайда болады.
    Тақталар тақырыбында ағымды каталог пен диск аты көрсетіледі. Тақталардың төменгі жағында командалық жолда MS- DOS шақыру белгісі (курсор-меңзер) бар, онда командалар енгізуге болады. Төменгі жолда функционалдық пернелердің қызметі көрсетілген.
    Тақтаның (толық пішімі) 4 бөлікке бөлінген: Имя, Размер, Дата, Время
    «Имя» бағанында терезеде тұрған каталогтардың және файлдардың аттары көрінеді.
    «Размер» бағанында директорияның (қапшықтың) қарсысында «КАТАЛОГ», ал файлдың атының қарсысында - оның байттық өлшемі көрінеді.
    «Дата» бағанында сәйкес каталогтың құрылған мерзімі (күн-ай- жыл) түрінде, ал «Время» - бағанында құрылған уақыты (сағат: минуты).
    Нортон-жүйесінің мәзірі
    Экранның төменгі жағында F1-F10 функционалдық пернелердің қызметтік мәзірі мына түрде шығады:
    ІПомощь 2 Вызов ЗЧтение 4Правка 5Копия
    бИмя 7Новый 8Удал-е 9Мәзір 10Выход
    Егер ондай тақта жоқ болса, онда — CTRL+B
    F1 — Помошь - экранға NC анықтамасын шығарады.
    F2 —Вызов - экранға қолданушының жиі шақыратын командалар мәзірін шығарады.
    F3 — Чтение - экранға файл мазмұнын шығарады, бірақ бұл
    режімде түзетуге мүмкіндік жоқ.
    F4 — Правка — экранға файлды NC редакторында мазмұнын түзетуге шығарады. Толығырақ төменде тоқталамыз.
    F5 — Копия — файл немесе каталогты көшіреді.
    Көшірме жасау тәртібі:

    1. тақтаның біреуінде, қажет файлдың көшірмесін орналастыратын каталогқа өтіңіз;

    2. қарсы тақтада көшірмесін алатын файлдың атының үстіне NC-ң меңзерін қойыңыз;

    3. F5 функционалды клавишаны басыңыз;

    4. шыққан диалогты «Копирование» терезеден қандай файл қайда көшіріледі, хабарламасын мұқият оқыңыз;

    5. егер бәрі дұрыс болса Enter клавишасын, әйтпесе Esc-ді басыңыз.

    F6 — Имя —ат өзгерту - файл және каталогтың атын өзгертеді немесе баска жерге орнын ауыстырады.
    Файлдың (каталогтың) атын өзгерту тәртібі:

    1. NC-ң меңзерін атын өзгертетін файлдың (каталогтың) атының үстіне қойыңыз;

    2. F6 функционалды клавишаны басыңыз;

    3. шыққан “Rename” диалогты терезедегі хабарламаны өшіріңіз;

    4. файлдың жаңа атын теріп Enter клавишасын басыңыз. Нәтижесін байқаңыз.

    Файлдың орнын ауыстыру тәртібі:

    1. тақтаның біреуінде орнын ауыстыратын файлдың үстіне меңзерді қойыңыз;

    2. қарсы тақтада файл орналасытын каталогты ашыңыз;

    3. F6 функционалды клавишаны басыңыз;

    4. диалогты терезе “Rename” шықан соң Enter клавишасын басыңыз;

    5. нәтижесін байқаңыз.

    F7 — Новый жаңа каталог кұру.
    Каталогка кіру — оның атының үстіне меңзер рамкасын қойып Enter басу.
    Ағымды деп - қазір жұмыс істеп жатқан каталог немесе диск аталады.
    Жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогқа өту үшін -меңзер рамкасын тақталардың жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..” қойып ENTER басылады.
    F8 — Удаление - өшіру - файл немесе каталогты дискіден өшіреді.
    F9 -Мәзір — мәзір шығару - NC бес бөліктен тұратын бас мәзір жолы шығады: Left (сол жақ), Files (файлдар), Commands
    (командалар) Options (опциялар), Right (оң жақ).
    F10 — Выход —шығу - NC жұмысын аяқтайды.
    SHIFT+F4 — жаңа файл құру
    Мәтіндік файл құру тәртібі:

    1. өз есіміңізбен аталған ішкі каталогқа кіріңіз;

    2. Shift +F4 - пернелерін қатар бассаңыз «Редактор» (“Edit”) деген диалогтық терезе пайда болады;

    3. диалогтық терезеде, құрылатын файлдың атын мысалы: Adres.txt деп теріп Enter-ді басыңыз. NC программасының редакторының терезесі ашылады. Терезенің тақырыбында құрылатын файлдың атын және директориясын көресіз: A:\CLASS\Adres.txt. Редактор терезесінің төменгі жағында фунционалдық пернелер қызметтері көрсетілген;

    4. орыс әрпіне ауысып, өзіңіздің тұрған мекен жайыңыздың адресін теріңіз;

    5. F2-функционалды пернесін басып жазылған мәтінді сақтаңыз;

    6. Esc - пернесін басып NC программасының редакторынан, тақтаге шығасыз;

    7. құрылған Adres.txt файлының мазмұнын көру үшін, меңзерді файл атына қойып F3 пернесін басыңыз. Тақтаға Esc - пернесімен шығасыз;

    8. құрылған Adres.txt файлының мазмұнын түзету үшін,

    меңзерді файл атына қойып F4 пернесін басыңыз. Тақтаға Esc - пернесімен шығасыз;



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет