ISA (Industry Standart Architecture) - жүйелік блоктың барлық құрылғыларын байланыстыруға рұқсат береді, сонымен қатар жаңа құрылғыларды стандартты слоттар арқылы жеңіл қосуға мүмкіндіктер тудырады
PCI (Peripherial Component Interconnect) - Pentium процессорының негізіндегі дербес компьютерлерге енгізілген сыртқы құрылғыларды қосудың стандарты
1 бөлім «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» пәні, оның мазмұны
1.1 тақырып «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» пәні, мазмұны.
1.1.1. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» пәні, мазмұны.
Есептеу жүйесі – енгізілген ақпаратты тапсырманы шешу барысында берілген алгоритм бойынша өңдеуге арналған техникалық жабдықтар кешені.
Есептеу жүйесінің жалпылама құрылымдық сұлбасы 1.1-суретте келтірілген. Жалпы түрде кез келген есептеу жүйесі құрылғылардың 4 тобынан тұрады: арифметикалық-логикалық құрылғы, жадылар, енгізу/шығару құрылғыларының топтары, басқару құрылғысы.
АЛҚ – арифметикалық логикалық құрылғы мынадай операцияларды орындауға арналған:
- Арифметикалық операциялар (қосу, көбейту, азайту, бөлу - варианттарымен);
- логикалық операциялар (логикалық қосу және көбейту, екілік модуль бойынша қосу, терістеу және т.б.);
- жылжыту операциялары (солға, оңға, логикалық, арифметикалық, циклдық және т.б.).
БҚ (ОБҚ)– басқару құрылғысы (орталық басқару құрылғысы) – қалған барлық құрылғылардың жұмыстарын басқаруға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |