Электрондық пошта хаттамалары SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапхана түбіртегтерін көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).
Telnet – интернеттің ең ескі ақпараттық технологиясы. Ол бір жарым мың ресми желі материалдарының ішіндегі RFC (Request For Comments) деп аталатын, үш ондыққа енетін стандарттар санына енеді. Telnet көмегімен кез келген портқа жүгініп және қарауға болады, оның жауабын көруге болады.
Telnet келесі үштіктен тұрады:
қолданушының Telnet-интерфейсі;
Telnet үрдісі;
Telnet хаттамасы.
Бұл үштік алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды жүргізеді және сипаттауды қамтамасыз етеді.