Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе



бет60/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

USENET жаңалықтар тобы немесе телеконференциялар – кез келген тақырыпта мәлімет жинайтын пікір таластыру топтары болып саналады. Пікір таластар электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Usenet – желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News). Бұл қызмет түрі NNTP (Net News Transfer Protocol) хаттамасы арқылы жүргізіледі. Электрондық поштадан айырмашылығы – Usenet клиенті өз мәліметтерін жеке адресатқа емес, өзі білмейтін ортадағы басқа топқа, яғни телеконференция абоненттеріне жібереді. Конференцияның барлық қатысушыларының құқықтары бірдей болып саналады, сондықтан әрқайсысы қойылған мәселе жайында өз пікірін ашық айта алады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымға, өнерге, спортқа, демалысқа, т.с.с.) арналады.
Серверде пошта жәшігін құрып болған соң, Microsoft Outlook Express программасын баптауыңыз керек. Бұл программа арқылы поштаны қабылдап және жөнелтіп аласыз.
Электрондық поштаның адресі желілік компьютердің адресіне ұқсас болып келеді. 
Мысалы: umutker@hotbox.ru, psk_2004@mail.ru
Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдау
Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу сіз үшін қиындық туғызбасы анық.
Электронды хабарламалардың негізгі элементтері:
Кімге: қабылдап алушының электрондық мекен жайы.
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келсе өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс.
Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгеннен адресат білмейді.
Тақырып: қабылдап алушының компьютердегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе Біріктіру:тіркемелер(Сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз).
Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.
Өз хабарламаңызды қабылдап алып, қарап шығу үшін:
• Microsoft Outlook Express бағдарламасы терезесінде Келетін(Входящий) тармағын шертіңіз 
• Пошта жеткізу батырмасын шертіп, келетін хаттарға арналған терезеде сіздің хатыңыз пайда болуы тиіс. Ол бірден емес, бірнеше минут өткеннен кейін де келуі мүмкін, бірақ көптеген жағдайларда өз хаттарыңызды Сізге қайта жөнелту үшін санаулы секундтар ғана жұмсалады. 
• Қабылдап алған хатты шертіп, оны қарап шығыңыз. Егер хатты екі рет шертсе, ол жаңа терезеде ашылады.
Өз абонентіңіздің электронды пошта мекен жайын мекен жайлық кітапқа жазу үшін:
• Құралдар үстеліндегі мекен жайлық кітап батырмасын басып немесе Құралдар – мекен жайлық кітап командасын орындап мекен жайлық кітапты ашыңыз;
• Мекен жай жасау батырмасын басыңыз:
• Соған сәйкес өрісте адресатыңыздың атын, тегін және әкесінің атын енгізіңіз;
• Көрініс өрісінде адресатқа қалай жүгінетініңзі жазып қойыңыз
• Электронды пошта мекен жайы өрісінде соған сәйкес электронды пошта мекен жайын енгізіңіз
• Үстеу, содан кейін жарайды батырмасын басыңыз;
• Мекен жайлық кітапты жабыңыз;
Абонентіңіздің жауап хатты қабылдап алу үшін:
• Біраз уақыттан кейін Поштаны үстеу батырмасын басып, Келетін қалтасындағы қабылдап алынған хабарламаны қарап шығыңыз.
Хабарламаға жауап қайтару және оны қайта жөндеу Электронды хабарламаны қабылдап алғаннан кейін Сіз оны жауап қайтаруыңызға, не сол хабарламаны басқа адамға қайта жөнелтуіңізге болады.
Қабылдап алған хатты оқығаннан кейін Microsoft Outlook Express бағдарламасы терезесінде жауап қайтару батырмасын басуыңызға болады. Сонда Сіздің абонентіңіздің мекен жайы өздігінен Кімге өрісіне орналасады, ал Тақырып өрісінде сіз қабылдап алған хаттың тақырыбы Re деген белгімен көрініс табады. Сіз өзіңізге ұсынылған тақырыпты қалдыруыңызға да,өзгертуіңізге де болады. Хабарламаны жазып болғаныңыздан кейін Жөнелту батырмасын басыңыз.
Өзіңізге келген хабарламаны өзге адамға жөнелту үшін Қайта жөнелту батырмасын басыңыз. Тақырып өрісінде Сізге келген хаттың тақырыбы Fw-деген белгімен қойылады,ал хабарламаларға арналған өрісте жөнелту күні туралы деректер, қабылдап алушының мекен-жайы және т.б., сонымен қатар хабарламаның өзі көрініс табады. Егер хатта біріктірілген файлдар бар болса, олар қайта жөнелтілетін хабарламаға өздігінен тіркеледі. Кімге өрісінде өзіңізге қажетті электронды мекен жайды енгізіңіз. Жөнелту батырмасы басылғаннан кейін хат Сіз көрсеткен мекен жайға қайта жөнелтіледі.
Хаттарға файлдарды тіркеу
Хатқа бұрыннан бар файлды, ол не сызбалық кескін, дыбыс мәтіндік құжат, мұрағат болсын, қоса салу қажет болған жағдайда Outlook Express бағдарламасында Тіркеу әмірін пайдалана аламыз. Осы жетенің көмегімен Сіз өз хатыңызға қажетті файлды тіркей аласыз.
Тіркеу батырмасын басқаннан кейін файлдарды таңдауға арналған сұхбат терезесі ашылады. Сіз өзіңізге қажетті файлды тауып, оны бөлектеп алып, Тіркеу әмірінің батырмасын басуыңыз керек. Осы файлдың атауы Біріктіру жолында көрініс табады.
Тіркеу жетесі кез келген пішімді файлдарды жөнелтуді қамтамасыз ете алады.Әдетте әрбір пошта жәшігінде тіркелген файлдар көлемі бойынша белгілі бір шектеулер бар.
Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері 
Электронды пошта – жылдам байланыс жасау құралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.
E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз:<<Рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын >> деп жазыңыз.
Хабарламаңызға әрдайым тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы - тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз;ал ең дұрысы –жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.
Өз хабарламаңыздың көлемін осы хат алмасудың мазмұны мен мақсатында сәйкестендіріп отыруға тырысыңыз. Егер Сіз жылдам сұрату жіберіп отырсаңыз, оны қысқа да нұсқа етіңіз. Мүмкіндігінше хат тақырыбынан ауытқымауға тырысыңыз. Ал егер талқыланып отырған мәселелер шеңберін кеңейту немесе басқа тақырыпқа көшу қажет болса, бұл жағдайда көбінесе хабарламаны жаңа тақырыбы бар жаңа хат ретінде жөнелткен дұрыс болар. Бұл Сіздің хатыңызды алушыларға түрлі тақырыптарды бөлек-бөлек қарастыруға мүмкіндік береді.
Тұтас хабарлама мәтінін бас әріптермен жазбасаңыз; осылайша ерекшеленген бірнеше сөз осы тұстың маңыздылығын атап көрсетеді.
Өз мәтініңізді мәні жағынан жеке тақырыпшаларға бөліп, бір ұзын сөйлемнің орнына бірнеше қысқа сөйлем құрастыруға ұмтылыңыз.
Сөйлемдеріңізді грамматикалық жағынан неғұрлым сауатты етіп құрастыруға тырысыңыз.
Электронды пошта – бұл таза күйдегі байланыс құралы; құрылымы дұрыс емес немесе сауатсыз жазылған хабарламаларды оқу да, түсіну де қиын.
Өз несие карталарыңыздың нөмірлерін электрондық хабарлама мәтінінде жөнелтуге абай болыңыз. Электронды поштаны орта жолдан арам пиғылды адамдар ұстап алып ол мәліметтерді өз қажетіне пайдалануы мүмкін екенін ұмытпаңыз. 
Сәнді хаттарды әзірлеу
Егер сіздің пошталық бағдарламаңыз хат мәнерін сәнді етіп безендіруді (жуан,қиғаш,қаріп және т.б) қолдайтын болса сіздің хатыңызды қабылдап алатын адамның бағдарламасы да дәл сондай екеніне көз жеткізіп алыңыз. Қазіргі таңда көптеген пошта бағдарламалары қарапайым мәтіндік хабарламадан басқа ештеңені қолдамайды, бірақ уақыт өте келе жағдай өзгеруі мүмкін. 
Outlook Express бағдарламасында хатты сәндеуге болады,бұл үшін Жасау тармағын таңдау керек. Ашылған сұхбат терезесінде пішім - өң тармағын таңдаңыз. өң тізімінде Сурет Түс және дыбысты таңдауға болады.
Пішім мәзірінде хаттың өңі ретінде берілетін бланкты қолдану әмірін таңдаңыз.кей кездері хатта көңіл-күйімізді көрсеткіміз келеді,сондайда мәтінге смайлик көңіл-күй нышандарын кірістіру қажет. Бұл символдардың мәнін түсіну үшін басыңызды сәл солға еңкейтіп, нүктелердің орнында көз тұр деп елестетіп көрсеңіз болғаны: -кәдімгі жымиыс; жеңіл мысқыл;D өте күлкілі;  - көңілсіз және т.б. Енді,түрлі смайликтерді пайдаланып, сіз электронды хабарламада тек ойларыңызды ғана емес сезімдеріңізді де білдіре аласыз.
Резервтік көшіру жүйесінің талаптары Резервтік көшіру жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыру тиіс: - Сервер резервтік архивтауды өткізу және ОЖ-дің берілген станцияларын архивтеу мүмкіншілігі. - Әртүрлі операциялық жүйелерде жүйелік мәліметтерді резервтік архивтеу. - Әртүрлі қосымшаларға (Oracle, MS Exchange, Lotus Notes, MS SQL) жұмыстың үзілмеу қосымшаларында резервтік архивтеу. - Ашық файлдарға резервтік архивтеу. - MS Windows 2000 Server ОЖ қайта орнату. - Автоматтандыру операциясы тасымалдаушы резервтік көшірмесімен. - Мәліметтерді қалпына келтіру, резервтік архивтеу жоғары жылдамдықта өткізіледі. - Толық резервтік көшірмелерді (full backup) барлық серверлердің мәліметтерін құру уақыты 20 сағаттан аспау керек. - Мәліметтерге,файылдық серверлерді және серверлік қосымшаларды резервтік архивтеу. - Иілгіш кестелерді құруды резервті архивтеу. - Құрылғылардың кең спектрін архивациялау. - Ыңғайлы графикалық итерфейспен иілгіш жүйені басқару.
Классикалық схема бойынша құрастырылған компьютерлердің тез әрекет етуін жоғарлату туралы туындайтын сұрақтарда нәтижелі шешімдер табылған:
а) электрондық схемаларды қайта қосу уақыты наносекунд үлесіне (нс) жеткен, ал оның осыдан соң тағы азайуы жартылайөткізгіштердегі ауысу үдерістермен шектеледі;
б) компьютер түйіндерінің кеңістік жиынтығы жүйелік және жергілікті шиналардың ұзындығын айтарлықтай қысқарту мүмкін болмайтындай деңгейге жеткен. Егер шинадағы сигналдардың таралу жылдамдығы 30 см/нс (нақты 0,7×30 см/нс) шектелетінін ескерсек, онда уақыттық тоқтаулардан пайда болған қайта қосылу уақытының қысқаруы тез әрекет етуді жоғарлатуға әсер етпейді. Осындай жағдайларда компьютердің тез әрекет етуін жоғарлату тек қана параллелизм принципі жүзеге асырады. Бұл принцип негізінде «есептеуіш жүйелер» (ЕЖ) деп аталатын мәліметтерді өңдеу жүйелерін (МӨЖ) құру жатыр.
АНЫҚТАМА: МӨЖ (немесе ЕЖ) – ақпаратты үлестіруге, өңдеуге, сақтауға және жинақтауға арналған өзара байланысқан және өзара әрекет ететін бағдарламалық қамтамалар, перифериялық құрылғылар, компьютерлер мен процессорлар жиынтығын айтады. МӨЖ типі бойынша:
- көпмашиналық жүйелер (КМЖ);
- көппроцессорлық жүйелер (КПЖ).
Бұл жүйелер бір уақытта (параллель) бір бағдарламаның көптеген командаларын және параллель көптеген бағдарламаларды орындауға мүмкіндік береді. МӨЖ құрудың тағы бір факторы – бұл жоғары сенімді жүйелердегі қажеттілік.
АНЫҚТАМА: сенімділік деп жүйенің белгілі бір уақыт аралығында тоқтаусыз , ақауларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі. Компьютерлерді КМЖ біріктіруі оның өміршендік және әзірлік деңгейін көтеру.
АНЫҚТАМА: өміршендік деп бірнеше компьютерлерді бір жиынға ұйымдастыру кезінде, бұл жиындағы компьютерлерде болған ақаулар немесе қалпына келтірулер есептеуіш процесті бұзбай, керісінше, есептеулерді орындау уақытын ұлғаюына әкелетін қасиет.Көбінде өміршендік орнына бұзылу төзімділігі ұғымы қолданылады.
АНЫҚТАМА: бұзылу төзімділігі – аппараттық және бағдарламалық құралдардың артық етіп енгізуді қамтамасыз ететін қасиет. Сонымен, сенімділік мәселесіндегі негізгі бағыттары деп қателерді болдырмау және бұзылу төзімділігін (немесе өмершендік) қамтамасыз ету әрекеттерін айтуға болады. МАЖ бұзылу төзімділігі мен параллелизм концепциясы бір-бірімен байланысты, себебі екі жағдайда да қосымша функционалдық компоненттер қажет. Сондықтан параллель МАЖ – да жоғары өнімділік пен жоғары сенімділік жүзеге асады. Ресурстар артықшылығы параллельді жүйелерде өнімділікті арттыру үшін және сенімділікті жоғарлату үшін де қолданылады.
Жоғарыда айтылғанды қортындылайық. Компьютерлердің тез әрекет етуі мен сенімділігін арттыру КМЖ және КПЖ құру арқылы жүзеге асады. Бұл жүйелер бағдарламаның орындалу кезінде параллелдеу және көп тапсырмалылықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Параллельді өңдеу – бір уақытта бірнеше командаларды орындауға мүмкіндік беретін өңдеу жылдамдығын ұлғайту әдісі.
Көп тапсырмалылық – бірнеше бағдарламаларды бір уақытта қолдану мүмкіндігі. Ескерту – ретті өңдеуі бар жүйелерде көпміндеттілік уақытты бөлу режимнде жүзеге асады. Жүйелердің қызметіне байланысты МӨЖ ұйымдастырылу принциптерін келесідей бөледі:
а) Өте жоғары өнімділікке жетуге бағытталған МӨЖ (көбінде КПЖ);
б) Сенімділік пен өміршендікті арттыруға бағытталған МӨЖ (көбінде КМЖ).
Жоғарыда айтылған сурет 14.1 көрсетілген.

Конвейерлік өңдеу заманауи процессорлардағы есептеулерді орындау тақырыптарында қарастырылған. Конвейерлік өңдеу конвейерді толықтай жүктеуге мүмкіндік беретін векторлық операцияларды орындауға мінсіз жарайды. Векторлық командаларды орындау барысында бір операция вектордың барлық элементтеріне қолданылады. Белгілі бір операцияны орындауға арналған конвейерді баптау үшін белгілі бір уақыт қажет болады. Содан соң операндтар жадының рұқсат беретін ең үлкен жылдамдығымен конвейерге келіп түседі. Сонымен қатар жаңа команданы сұрыптауға байланысты немесе шартты ауысу кезіндегі есептеу бұтағын анықтауға байланысты үзілістер болмайды. Сонымен конвейерлі жүйедегі есептеу принципін келесідей тұжырымдауға болады:
«Кейбір мәліметтер блоктарын қайтара қолданатын қарапайым операциялардан тұратын кейбір қарапайым комбинациялардың немесе операциялардың орындалуы» Конвейерлік схема суперЭЕМ немесе заманауи компьютерлердің орталық процессорларында қолданылады. Өткен ғасырдың 60 жылдарының бас кезінде Флин (M. Flynn) ұсынған жіктеу схемасына сәйкес конвейерлік жүйелер MISD (Multiple Instruction Single Data) – мәліметтердің бір ағыны кезіндегі командалардың көптік ағыны типіне жатқызады.
SIMD (Single Instruction Multiple Data) типтегі жүйе – командалардың бір ағыны кезіндегі мәліметтердің көптік ағыны (сурет 14.2 қараңыз). Бұл жүйе өз жадысы бар көптеген сандардың бірыңғай есептеулерінен тұрады. Барлық есептеуіштер бір бағдарламаны орындайды.
Ескерту – SIMD жүйесі үшін есептеу үлгісі конвейерлік жүйелердегі есептеулер әдісіне өте ұқсас – бір операция мәліметтердің үлкен блогына орындалады.

SIMD жүйелері – көптеген есептеуіштер матрицалық жүйе құрайды. Конвейерлікке қарағанда матрицалық жүйенің қызмет етуі икемдірек болады. Матрицалық жүйе есептеуіштері – әмбебап бағдарламаланатын компьютерлер. Параллель орындалатын есептеулер күрделі болуы мүмкін, сондықтан да тармақтанады. Векторлық операциялар сияқты алғашқы бағдарламада есептеу үлгісі ұқсас – массив элементтеріндегі циклдер. Циклдерге қойылатын талап – бір итерацияда пайда болатын мәндер, келесі итерацияда қолданылмайды.
МIMD (Multiple Instruction Multiple Data) типтегі жүйе –командалардың көптік ағыны кезіндегі мәліметтердің көптік ағыны (сурет 14.3 қараңыз).

Бұл типтегі көптеген жүйелер «мультипроцессор» деген терминге сәйкес келеді. Мультипроцессорлық жүйелерде әрбір есептеуіш өз бағдарламасын басқалардан тәуелсіз орындайды. Бұл типтегі жүйелердің ішінде өз жіктеуі бар:
а) ортақ жадысы бар мультипроцессорлар – қатаң байланысқан. Олар мәліметтер және командалар жадысынан тұрады, бұл жады барлық есептеуіштерге қолжетімді. Есептеуіштер ортақ жадымен жалпы шинасы арқылы немесе алмасу елісі арқылы байланысады;
б) жергілікті жадысы бар мультипроцессорлар – әлсіз байланыс. Мұнда барлық жады есептеуіштер арасында бөлінеді. Жадының әрбір блогі онымен байланысқан есептеуішке ғана қолжетімді болады. Алмасу желісі есептеуіштерді бір-бірімен байланыстырады. Әлсіз байланысқан жалпы шиналық құрылымдарының бірі SMP (Shared Memory multiProcessing) – мультипроцессорлық бөлінетін жады. Ол 4- тен 32 – ге дейін мультипроцессорларды біріктіруге мүмкіндік береді.
Әлсіз байланысқан жүйелер көпмашиналық комплекстері ретінде құрылады. Жақын орналасқан жүзден аса процессорлары бар жүйелер құру үшін жұмыстар жүруде. Әрбір процессордың жеке жадысы болады, ал олар оған дербестік қасиет береді. Әлсіз байланысқан жүйелер MPP (Mass-Parallel multiProcessing) – жаппай параллелизмі бар мультипроцессорлық жүйелер деген атқа ие болған.
MSIMD (Multiple SIMD) типтегі жүйелер – кейбір заманауи супер ЭЕМ типтерін ұсынады. MSIMD типтегі жүйелерге арналған бағдарламалау тілдері мен компиляторлары бағдарламалаушыға «күрделі» параллелизмді сипаттауға мүмкіндік беретін тілдік конструкцияларды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет