Байланысты: 22.04.2020 Дәріс 20 Айтпаева А.Ж. ТОРО-218
МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.
Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.