Қарым – қатынас мәдениеті



бет4/4
Дата29.04.2020
өлшемі53,5 Kb.
#65148
1   2   3   4
Байланысты:
22.04.2020 Дәріс 20 Айтпаева А.Ж. ТОРО-218

«МЕН» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке тұлғаның «МЕНІ» үйде, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік «Менін» дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде бағыттап отырған жөн.

Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды адами қарым-қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет