Демократиялық стиль. Оқушылар қарым- қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады.