Қарым-қатынастың интерактивті жағы Қарастырылатын сұрақтар


Әсер ету механизмдері: ЕЛІКТЕУ



бет2/7
Дата06.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#195401
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-ЛЕКЦИЯ слайд МиП

Әсер ету механизмдері: ЕЛІКТЕУ

  • Еліктеу басқалардың мінез-құлқын өзіне көшіру процесі ретінде түсіндіріледі. Еліктеу ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның үлгісімен модельдеуге тырысу.
  • Еліктеу үлгі тұтатын объекттің қылықтарын тікелей қайталау нәтижесінде болатын үйрену түрі. Олай болса, үлгі тұтатын адамға еліктеу – сол адамның қандай да бір әсерін білдіреді. Еліктейтін адамның кез-келген әрекеттері мен сөздері, қылықтары келесі адамға әсерлі болып келеді, әрі оларға толық сенетін болады.

ЕЛІКТЕУ ШАРТТАРЫ:


Еліктеу объектісіне жағымды эмоциялық қатынастың, таңданудың немесе сый-құрметтің болуы
Еліктеу объектісімен салыстырғанда адамның кейбір жағынан тәжірибесінің аздығы
Еліктеу обьектісінің айқындығы, көркемділігі, тартымдылығы
Еліктеу обьектісінің кем дегенде кейбір сапаларының қолжетімділігі
Адамның қалауы мен еркінің еліктеу объектісіне саналы бағытталуы (мен де солай болғым келеді)

Әсер ету механизмдері: КӨНДІРУ


Көндіру - адамның ой-пікірін, көзқарасын, қалауын өзгертуге бағытталған дәлелді өтініш. Психологияда ең алдымен, адамның мұқтаждықтарына ықпал ете отырып, сендіру сенімділікті арттыра түседі.

Әсер ету механизмдері: СЕНДІРУ

  • Иландыру – иландырушы адаммен әдейі немесе байқаусыздан және иландыру керек адамға байқалмайтындай етіп немесе оның қалауымен жасалатын психологиялық әсер етудің бір тәсілі болып табылады.
  • Сендіру – азды-көпті тікелей басқа біреудің ойына, сезіміне, эмоциясына психикалық сферасына және психофизиологиялық күйлеріне дағдыландыру, басқаша айтқанда, мүмкіндігінше сын және пайымдауларға орын болмайтындай етіп әсер ету;
  • Сендіру әсерінің нәтижелігі оған сенуден көрінеді.

Сендірудің негізгі факторлары


Жас ерекшеліктеріне байланысты (ең алдымен, балалар мен қарт адамдарды сендіру оңай)
Адамның шаршап тұрғанда, физикалық әлсіздік жағдайында әсер ету оңай
Адамның абырой-беделі
Тұлға ерекшелігі (оның тәуелсіздігі, өмірлік ұстанымы, мүдделері, қажеттіліктері)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет