Қарым-қатынастың коммуникативті жағы Дайындаған: Бергенова Индира



Дата09.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#110624
Байланысты:
12 апта семинар

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Дайындаған: Бергенова Индира

Тексерген: Бисембаева Асем


Вербалды коммуникация. Сөйлеу

Сөйлеу, бұл - сөздік коммуникация, яғни тілдің көмегімен қарым-қатынасқа түсу. Вербалдық коммуникацияның басты құралы – сөз және оның қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан мағыналары.

Сөйлеудің түрлері

Сыртқы сөйлеу

Монологты

Жазбаша

Ауызша

Диалогты

Іштей сөйлеу

Ауызша сөйлеудің ең қарапайым түрі диалог болып табылады, яғни қандай-да бір мәселені бірігіп талдайтын және бірлесіп шешетін әңгімелесушілердің сұхбаты.

Ауызша сөйлеудің келесі түрі – монолог, оны бір адам келесі адамға немесе көп адамға арнап айтады: мұғалімнің сабақты баяндауы, оқушының жауабы, баяндамашының, дәріскердің, диктордың, т.б. сөздері. Монологтық сөйлеу құрылымдық жағынан грамматикалық ережелердің қатаң сақталуын, баяндаудың бірізділігі мен жүйелілігін қажет етеді.

Жазбаша сөйлеу адамзат тарихында ауызша сөйлеуден көп кейін пайда болды. Ол арақашықтықпен алшақтаған адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінен пайда болған. Ол пиктографиядан, ойды шартты сызбалар мен суреттер арқылы беруден, қазіргі заманғы жазуға дейін, мыңдаған сөздер, оншақты әріптердің көмегімен жазылғанға дейін қалыптасып келеді

Беделділік. Ақпарат санаға жетеді, дегенмен оны ұсынушылардың беделінің субъективті төмендеуінен жол-жөнекей елеулі түрде құнсызданады. Ол сенімсіз болады, демек ма-ңызы аз. «Жұмыртқа тауықты үйретпейді» - беделді түсірудің және ақпараттың әсерлерінен қашудың мәдени бекіген формулаларының бірі.

Түсінбеу. Қаламаған ақпараттардың көп бөлігі адам еркінен тыс қашу мен беделдің айтарлықтай дөрекі сүзгілерінен өтеді. Оның жағымсыз әсерін әлсіретудің ең нәзік тәсілі – оны танымастай етіп бұрмалау, оған түсінікті, жақын немесе бейтарап мағына беру.

Коммуникативті кедергілерді тұлға үшін шын мәнінде қауіпті ақпараттардан қорғану механизмдері ретінде ғана қарастыру әділетсіз болар еді. Кедергілер анағұрлым қарапайым жағдайларда да пайда болуы мүмкін: ақпарат күрделі, әдеттен тыс формада берілген жағдайда, бірнәрсе коммуникатордың жек көрушілігін туғызған кезде, т.б.

фонетикалық

семантикалық

логикалық

стилистикалық

Коммуникативті кедергілер

Фонетикалық кедергі қарым-қатынасқа түсушілер әртүрлі тілдер мен диалектілерде сөйлеген кезде, сөйлеуде және дикцияларында кемістіктер болған кезде, тілдің грамматикалық құрылымы бұрмаланған кезде пайда болады. Ол сондай–ақ, мәнерсіз сөйлеуден, жаңылтпашша сөйлеуден және сөйлеу барысында масыл дыбыстарды көп қолданудан да туындайды.

Семантикалық кедергі қарым-қатынас серіктестерінің сөз мәндерінің жүйесінде кездесетін сәйкессіздіктен, елеулі айырмашылықтардан – тезаурустардан пайда болады. Семантика-лық кедергі – бұл, ең алдымен, жаргондар мен слэнгтер мәселесі.

Логикалық кедергі. Ол коммуникатордың ұсынған тұжырымдарының қисыны реципиенттің қабылдауы үшін тым күрделі болғанда, я болмаса оған шалағай, оның дәлелдеріне қайшы келгендей болғанда туындайды.

Стилистикалық кедергі. Ол коммуникатордың сөйлеу стилі қарым-қатынас жағдайына сәйкес келмегенде немесе сөйлеу стилінің реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес келмегенде пайда болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет