Аристофан Пандион жанындағы Кидафин округінде шамамен б з. б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б з. б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз



Дата08.02.2022
өлшемі16,24 Kb.
#120032
Байланысты:
Эссе Аристофан
Test

Эссе
Аристофан
Аристофан Пандион жанындағы Кидафин округінде шамамен б.з.б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б.з.б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Әкесінің аты – Филипп, анасының аты – Зенодора. Кей деректерде Аристофанның Филипп, Арар, Никострат, Филетр есімді ұлдары болған және олар комедия жанрының ақындары делінеді. Зерттеушілердің кейбірі Аристофанның афиндық азамат екендігіне күмән келтіреді. Оны Эгинеде, Родоста, енді бірі Египетте дүниеге келген дейді. Эгинелік азамат деген пікір Аристофанның бұл жерде үй-жайы болғандықтан айтылған болуы да ықтимал. Бірақ, антик дәуірінен бізге жеткен жазбалар Аристофанның Афины қаласының тең құқылы азаматы болғанын дәлелдейді.
Аристофанның бүкіл жан-тәнімен афиндық ақын болғандығы оның тілінен, ойынан, тіпті темпераментінен де байқалып отырады. «Ахарндықтар» шығармасындағы ақынның келтірген мәліметтеріне сүйеніп, ол клерух, яғни Эгине аралындағы афиндық колонист болған деген де болжам бар.Б.з.б. ІV ғасырдың басынан сақталып қалған жазба деректе, Аристофанның Пандионид бесжүздік Кеңес мүшесі болғандығы айтылады. Комедиограф өмірінің көп бөлігі Пелопоннес соғысы кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ол Перикл дәуірі демократиясын жақтаушылардың бірі әрі орта шаруалы жериеленушілердің көзқарасын қолдаушы болды. Оның комедияларының соғысқа қарсы бағытта жазылып, саудагерлер мен өнеркәсіпшілер құрып отырған «радикалды демократиялық» үкіметке деген оппозициясының өткір болу себебі де осыдан.Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның «Тойлаушылар», «Вавилондықтар», «Ахарндықтар» атты алғашқы шығармалары (б.з.б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің «Салт аттылар» комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен «Байлық» атты комедиясынан кейін де Аристофан «Кокал», «Эолосикон» атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді.Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша келтірсек: «Ахарндықтар» - 425 жыл, «Салт аттылар» - 424 жыл, «Бұлт» - 423 жыл, «Аралар» - 422 жыл, «Бейбітшілік» - 421 жыл, «Құстар» - 414 жыл, «Лисистрата» - 411 жыл, «Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер» - 411 жыл, «Бақалар» - 405 жыл, «Халық жиналысындағы әйелдер» - 392 немесе 389 жыл, «Байлық» - 388 жыл. Сонымен қатар, Аристофан комедияларының мыңдаған фрагменттері жеткен.
Аристофанның бір ерекшелігі – антропоморфтық мифологияға өткір сын айтуында. Антик әдебиетінде Лукианға (б.з.б. ІІ ғ.) дейін ешкім де құдайлар мен батырларды бұлайша келемеждеп, мазаққа айналдырған емес. Аристофанның атеизмі деген мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. В.Г.Белинский Аристофанды «ежелгі Грекияның соңғы ұлы ақыны» деп таныды.[9] Оның шығармаларына деген қызығушылық ХУІІ ғасырда Германия мен Франция әдебиетінде көрініс тапса, ХУІІІ ғасырда Свифт, Филдинг, Гете еңбектері арқылы жалғасын тапты. Аристофан туындыларына ғалым Ж.Әскербекқызы: «бірқатар шығармаларында басынан аяғына дейін тұнып тұрған тәлім-тәрбие, адамдарды адамгершілікке баулу мәселесі қозғалып, автордың айтар ойынан ізгілік исі аңқып тұрады. Аристофанның ең маңызды сатиралары – әдеби пародияға өте ұқсас. Комедиялық образдардан жазушының өз характерін, мінезін, көркемдік бейнесін толық аңғаруымызға болады.
Аристофан – өмірде болған, көзімен көрген жайттарды ғана қағаз бетіне түсіріп отырған. Сондықтан оның барлық шығармаларынан тарихи дәлдікті аңғарамыз. Әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар көне грек әдебиетінің өкілдері туралы көптеген мәліметтерді Аристофан комедияларына сілтеме жасай отырып пайдаланып жүр. Аристофан комедиялары тез, шапшаң оқылуымен, оқиғасының мәнділігімен, сюжетінің саздылығымен, тақырыбының алуан түрлілілігімен ерекшеленеді. Комедияларының басты кереметі кейіпкерлері қай уақытта болсын табан астында тауып айтылған әзілдің арқасында қиыннан жол тауып кетіп отырады. Көп жағдайда автор комедияның ерекше мағыналық типін көрсетуге тырысады» деп толымды пікір білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет