Қаржы және валюта нарығы түсінігі Қаржы нарығы - құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жүмыс күші, түрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының үғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолмақол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және үзақ мерзімді несие жоніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бүған коммерциялық несие де жатады.
Қаржы нарығы негізінен үзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы - кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта болуды қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды.Оларға мыналар жатады:
1) Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша сүраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дүрыс реттеу; бүған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
3) Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1) Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғүрлым кең дербестік беру;
2) Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жүмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта болуды жою;
3) Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта болу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей болуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, түтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғүрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жүмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.
Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, қүнды қағаздар қысқа мерзімді әрі қүны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отырғандықтан, инвесторлар үзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында үзақ мерзімді инвестициялар тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Қүнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің пайыздық молшерлемелерінің осуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.
Экономикалық кеңістіктегі саяси түрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін. Мұндай жағдайда қүнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші (биржа) нарықтың жағдайы саяси-экономикалық жағдай тұрақтанғанға дейін анық болмайды.
Инвестиция институттары, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түрінде құрамында элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру басқа нарық құрылымдарын қалыптастырумен қатар жүреді. Ең алдымен сан алуан акционерлік қоғамдар құрылады.
Валюта нарығы. Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы коммерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Банктер өз клиенттері үшін мәмілелер жасайды (яғни халықаралық саудаға тартылған фирмалар үшін). Өз жүмыс барысында олар шетел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты тәуекелге үшырай бастайды.Осы тәуекелді төмендету үшін олар операцияларды көбінесе өз шоттарынан жүргізуге тырысады. Халықаралық сауда мен валюта нарықтарының айналымдарына шығуда, 1995 ж. сәуір айында орташа күнделікті сауда айналымы 1,3 трлн. доллар құрады, 1989 ж. сәуір айындағы 650 млрд. долларға қарағанда, бұл күндік көлемі көп мемлекеттердің жылдық ЖІӨ-нен асып түседі. Бұл ЕО орталық банктерінің жиынтық валюта қорынан едәуір (385 млрд. экю) асып түседі.
Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді. Ақшаның (МI) коп болігі депозит түрінде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенге дейінгі депозиттер бейнесінде сипаттауға болады. Оның негізгі қатысушылары коммерциялық банктер және банкаралық мәмілелер көлемі жиынтық көлемнің 90%-ын құрайды.
АҚШ доллары de facto дүниежүзілік валютаға айналады. Егерде бір саудагер Зимбабве долларын Канада долларына аударғысы келсе, онда ол екі операция өткізуі керек. Біріншіден, ол Зимбабве долларын АҚШ долларына аударып, екіншіден АҚШ долларына Канада долларын сатып алады. Басқа ұлттық қор биржаларына қарағанда валюта нарығы белгілі бір орында орналаспаған, қатысушылардың тікелей сол жерде болуы талап етілмейді. Мәміленің көбі телефон немесе бір-бірімен электрондық жүйемен байланысқан экран терминалдары арқылы жасалады. Коммерциялық банктермен қатар валюта нарығының негізгі қатысушылары әр түрлі мемлекеттердің орталық банктері. Олардың рөлі ерекше, өйткені олар мәміле затты, яғни валютаны жасайды. Кейбір мемлекеттерде олар күнделікті саудада пайда болған ауытқуларды теңестіру үшін белсенді қатысып отырады. Мұнда нақты қатысудың жоқ болғандығы, аукционер де жоқ, ешқандай айғай-шу сияқты әрекеттердің болмауы басқа биржалардан гөрі артықшылығы болып саналады. Шынында сауда биржа негізінде жүр-гізіледі. Кез келген уақытта екі түрлі баға бар: сүралатын - сатып алғысы келетін және үсынылатын – сатқысы келетін баға.
Бұл қалай іске асады? Мысалы, Барклейс банкі өзінің британдық клиентінің шотына 10 млн. доллар сатып алғысы келеді. Бұл үлкен сома және ол клиентке жедел керек, сондықтан банк үтымды бағамды күтіп отыра алмайтындығынан қысқа мерзім ішінде ұтымды мәміле жасауы тиісті. Хабар қысқа мерзім ішінде жайылып кетіп отырады. Барклейс банкінің агенті нидерландық АБN-Amro банкіне телефон соғады. Нарық құрушы (АБN-Амро банкі) кез келген уақытта белгілі бір стандарттық минимум мен максимум аралығындағы соманы сатып алуға немесе сатуға әзір делік. Ірі банктер көп екі жақты бағамдарды құрады, мысалы, АБN-Амроны сол әлуетті нарық құрушыларға жатқызамыз.
Амро құрушылардан басқа компьютерленген сауда жүйесінің көмегін пайдалана алады. Олардың ішінде жетекші (лидер) боп саналатын Рейтер (Reuters) мен Телерейт (Telerate). Осындай жүйелер компьютер экрандарын сүралатын және үсынылатын баға туралы үзіліссіз ақпараттар ағымымен қамтамасыз етіп отырады.
Тағы да үшінші жол - делдалдар көмегін қолдану. Ірі мәміле туралы сөз болғанда делдалдар көмегін қолдану жиі тараған. Өйткені кез келген нарық құрушылардың ірі сомалармен мәміле жасамауға құқығы бар. Ондай жағ-дайларда ірі мәміле жасағысы келетін саудагер білініп қалады да, нарыққа қатысушылардың бүкіл бағасын көтеріп жібереді. Делдал осы жағдайды, саудагерді (жасыру үшін) ешкімге білдірмеу үшін "үшінші түлға" боп нарыққа қатысады. Қазіргі кезде делдалдар бүкіл жасалып жатқан мәмілелердің 30-50%-ын өзіне алуда.