Қаржы және валюта нарығы: мәнімен мазмұны



бет3/3
Дата10.12.2022
өлшемі37,49 Kb.
#162233
1   2   3
Құнды қағаз түрлері
Қүнды қағаз - иесінің осындай құжаттар шығарған ұйымдарға қатысты мүліктік құқығын айғақтайтын ақша құжаттары. Құнды қағаз жеке құжаттар немесе есепшоттардағы жазбалар түрінде жүреді.
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі алынғанын ай-ғақтайтын құжаттар, банк депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға жатпайды, пайызтүрінде табыс төленеді және осы құжаттар бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғам пүрсатты акциялар да шығарады.Бұл акциялар иесіне дивиденд алуда артықшылық береді. Жергілікті акциялардың иелеріне дивиденд - алдын ала белгіленген пайыз мөлшерлемесі міндетті түрде төленеді, пайда аз болса резерв қорына төленеді.
Акциялар атаулы және талапкерлік болып шығарылады. Атаулы акциялар сатылған кезде міндетті түрде тіркеледі.
Облигацияның акциядан айырмашылығы, олар кесімді пайыз мөлшерлемесі белгіленген мерзімде төленетін міндеттеме, яғни облигация, несие беруші мен осы қүжатты шығарушы мекеме арасындағы қатынасты куәландырады.
Облигациялардың мынадай түрлері болады:
-ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар облигациялары;
-кәсіпорындар облигациялары.
Атаулы, талапкерлік пайыз мөлшерлемесімен, пайыз мөлшерлемесінсіз (формалары) еркін айналатын және айналымы шектеулі облигациялар шығарылады.
Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін өздерінің еңбек үжымдары қарамағына түсетін қаражаттар есебінен, ал азаматтар өзінің жеке қаражаттары есебінен сатып алады.
Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы тиісті бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займ облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі мемлекеттік және
жергілікті займдар табыстары займдарды қайтару кезінде пайыз мөлшерлемелерін есептеу арқылы немесе купондар беру жолымен төленеді.
Кәсіпорындар облигациялары олардың жарғыларына және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылып таратылады.
Вексель дегеніміз, вексель берушінің вексель иесіне
- вексель үстаушыға мерзімі жеткен кезде белгілі бір соманы сөзсіз төлейтін ақша міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаз. Жай және аударма вексель қолданылады. Жай вексель екі адамның өзара келісімі. Ал аударма вексельде ақша үшінші жаққа төленеді. Вексельдің иесі оны есеп айырысуға пайдаланады немесе оның қайырма бетінде басқа адамға беретінін жаза ала-ды. Мұндай операция көп қайталанады, нәтижесінде төлеуші мүлдем басқа тарап болады.
Вексель тек есеп айырысу формасы ғана емес, коммерциялық несие формасы, вексель үстаушы кәсіпкер белгіленген мерзімге дейін ақша жүмсайды. Яғни, әріптесі вексельде көрсетілген мерзімге оған несие береді. Шаруашылық айналымда вексельді қолданудың кейде, банк арқылы есеп айырысудан әлдеқайда артықшылығы бар. Өндірістік байланыстары тығыз кәсіпорындар бір-бірінің жағдайын жақсы біледі, сондықтан банктерге бармай-ақ осылай есеп айырысады. Мұның өзі айналымдағы қаржының айналысын жеделдетіп, банк несиесіне тәуелділіктен құтқарады. Мұның нәтижесінде несие эмиссиясы қысқарады. Сөйтіп, вексель айналысы экономиканы сауықтыруға көмектеседі, өйткені ол инфляцияны төмендетеді. Вексель айналысы тауар артықшылығында тиімді болады: өйткені сатушы вексельді қолдану арқылы аларманға қолайлы жағдай жасайды.
Мемлекеттің қазыналық міндеттемелері - халық арасында ерікті негізде орналастыратын мемлекеттік құнды қағаз түрі, ол осы қағазды үстаушылардың бюджетке қаражат аударған және қүнды қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивиденд түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды. Ұзақ мерзімді қазыналық міндетте мелерді мемлекет үсынушыға арнап 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге, орташа мерзімді 1 жылдан 5 жылға дейін, қысқа мерзімді 3 айдан 12 айға дейін мерзімге шығарады. Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын купондар бойынша төленіп отырады, орташа мерзімді және қысқа мерзімді міндет-темелер бойынша өтеудің жыл сайынғы таралымдары кезінде, қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша - күшінің мезгілі біткеннен кейін сатып алу кезінде төленеді.
Ұзақ мерзімді қазыналық бондар үкіметтің шешімі бойынша, әдеттегідей үсынушыға арнап 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Атаулы бондар шығарылуы мүмкін. Қазыналық бондардың сатылу құнын анықтау тәртібін оларды сатып алу уақытына қарай Қаржы министрлігі белгілейді, қазыналық бондарды заңды мекемелер тек қолма-қол ақшасыз формада сатып алады. Қазыналық бондар бойынша табыс оларды сатып алған жылдан кейінгі жылдан төлене бастайды.
Қазына бондары бойынша табыс төлеу жыл сайын купондармен немесе міндеттемелердің орындалуы кезінде пайыз мөлшерлемесін есептеу арқылы жүзеге асырылады. Таралымға шыққан қазына бондары бойынша олардың өз құны және алдыңғы жылдардағы төленбеген купондарына төленеді. Қазыналық бондарды мемлекет оларды үстаушылар талап еткен кезде, шығарылған соң кемінде бір жыл өткеннен кейін төлейді. Соның өзінде иесіне бонның өз құны төленеді.
Құнды қағаздар шығару және олардың айналысы. Қүнды қағаздарды шығару - эмиссия - бұл құнды қағаздарды оның бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңды мекемелер мен жеке адамдарға сату.
Қаржы нарығында инвестициялық қордың орны айрықша. Олар инвестициялар қаражатын жұмылдыру мақсатымен акция шығарып, қордың атынан оларды құнды қағаздарға, сондай-ақ банктердің есепшоттарына және салымдарға салады; соның өзінде Мұндай жұмсалымдарға байланысты барлық тәуекелді, бұл жұмсалымдарды нарықтық бағалау өзгерістерінде болатын бүкіл табыстар мен шығындар толық көлемде осы иелерінің (акционерлердің) есебіне жатқызылады және олар қор акцияларының ағымдағы бағалары өзгеруі есебінен өткізіледі. Инвестициялық қор тек акционерлік қоғам формасында құрылуы мүмкін.
Тест
1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы таза экспорт-
тың қысқа мерзімде өсуін болдырмайды?
a) Ұлттық валюта бағамының төмендеуі
ә) Мықты сауда серіктестердің өз елдерінде ынта-
ландырушы экономикалық саясат жүргізуі
б) Шетел валютасы бағамының түсуі
b) Шетел сауда серіктестерінің кедендік тарифтер-
ді төмендетуі
2. Қолма-қол ақшаға сүраныс мынаған байланысты:
a) Бағалар деңгейінің динамикасына теріс байланысты
ә) Нақты ЖҰӨ динамикасына теріс байланысты
б) Нарықтық пайыз молшеріне оң байланысты
b) Жоғарыдағының бәрі дүрыс емес
3. Ақша ұсынысы өседі, егер:
a) Резервтеу нормасы оссе
ә) "Қолма-қол ақша - депозиттер" қатынасы өсе-
тін болса
б) Ақша мультипликаторы төмендейтін болса
b) Ақша базасы өсетін болса
[12:21, 07.12.2022] Жарлықасын Ақшолпан: 332 Макроэкономика
4. Ақшаға сүраныс келесі орнекпен берілген:
D)
0,3У - 8R
P
Егер өндіру нақты көлемі (У) 200000-ға өссе, онда
ақшаға сүраныс қалай өзгереді:
a) 6000-ға оңға жылжиды
ә) 200000-ға оңға жылжиды
б) 1600000-ға солға жылжиды
b) 60000-ға солға жылжиды
5. Қолма-қол ақшаға сүраныс депозит сомасының
10%-ын құрайды. Резервтеу нормасы 0,15-ке тең. Егер
Орталық банк ақша ұсынысын 330 млрд тг. ұлғайтуды
шешсе, онда ол:
a) Ақша базасын 330 млрд тг. ұлғайтуға тиісті
ә) Ақша базасын 75 млрд тг. қысқартуға тиісті
б) Ақша базасын 75 млрд тг. ұлғайтуға тиісті
b) Ақша базасын 49,5 млрд тг. ұлғайтуға тиісті
6. М2 агрегатының құрамына төмендегілердің қай-
сысы кіреді:
a) Банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша
ә) Азғантай жинақ салымдары
б) Чектік депозиттер
b) Қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар
7. Тіркелген валюта курсы жүйесінде:
a) Бюджет-салық саясатынан гөрі несие-ақша сая-
саты экономикалық тұрақтандыру құралы ре-
тінде өте тиімді
ә) Несие-ақша саясаты экономикалық түрақтан-
дыру құралы ретінде тиімді емес, себебі ол
тіркелген валюта курсын қолдауға бағытталған
болуы керек
б) а) және ә) жауаптары дүрыс
b) Жоғарғылардың ешқайсысы дүрыс емес
[12:22, 07.12.2022] Жарлықасын Ақшолпан: 11-тарау. Қаржы және валюта нарығы 333
Sil
8. Егер ұлттық валютаның бағамын көтеру (реваль-
вация) болып жатса, онда басқа шарттар түрақты болғанда:
a) Импорттық шикізатты түтынуға бағытталған
салалар зиян шегеді
ә) Экспортқа бағытталған салалар зиян шегеді
б) Берілген елдің сауда серіктестерінің экономи-
касында жұмыссыздық деңгейі өседі
b) Бұл берілген ел үкіметінің әлсіздігінің белгісі
болады
г) Жоғарыдағылардың ешқайсысы болмайды
9. Ұлттық валютаның бағамы деңгейінің өсуіне то-
мендегілердің қайсысы себеп болады (барлық шарт тү-
рақты болғанда)
a) Берілген елдегі пайыздық қойылымның төмендеуі
ә) Шетелде пайыздық қойылымның өсуі
б) Берілген елде бағалар деңгейінің өсуі
b) Берілген елде еңбектің өнімділік деңгейінің өсуі
г) Берілген елде жалақының атаулы деңгейінің өсуі
10. Тіркелген айырбас бағамы бар экономикада жү-
мыссыздық пен төлем балансының тапшылығы байқал-
ды. Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке жету үшін ақша
және қазыналық саясаттың қандай үйлесімі керек?
a) Қазыналық ұлғаю және ақшаның сығылуы
ә) Қазыналық және ақшалай ұлғаю
б) Мемлекеттік шығындарды қысқарту және пайыз
мөлшерлемесін көтеру
b) Мемлекеттік шығындарды қысқарту және пайыз
мөлшерлемесін төмендету
11. Айықтыру (стерилизация) саясатын жүргізетін Орта-
лық банк бұл саясатқа сәйкес қандай іс-әрекеттер
жүргізеді?
a) Ақша ұсынысын ұлғайтуды валюта резервтерін
үлғайтумен қатар жүргізу
ә) Төлем балансының тапшылығы жағдайында ақ-
ша үсынысын қысқарту
б) Валюталық резервтерді қысқарту кезінде ішкі
активтерді ұлғайту
b) Төлем балансының тапшылығы кезінде ішкі
несиені қысқарту
[12:23, 07.12.2022] Жарлықасын Ақшолпан: 334 Макроэкономика
12. Тіркелген айырбас бағамы жағдайында:
a) Несие-ақша саясатымен салыстырғанда бюд-
жет-салық саясаты сыртқы балансқа күштірек
әсер етеді
ә) Ақша саясатының төлем балансын реттеуде
салыстырмалы басымдылығы бар, бірақ ішкі
тепе-теңдікті реттеуде жоқ
б) "Ролдерді болу" ережесіне сәйкес бюджет-са-
лық саясаты төлем балансын реттеу үшін қол-
данылады
b) Ақша-несие саясаты "Ролдерді болу" ережесіне
сәйкес төлем балансын реттеу үшін қолданылады
13. "Еркін жүзетін" айырбас курсы жағдайында:
a) Ақша саясатының төлем балансын реттеуде
салыстырмалы басымдығы бар
ә) Қазыналық саясаттың сыртқы және ішкі ба-
лансты реттеуде басымдығы бар
б) Ақша саясаты сыртқы және ішкі балансты рет-
теуде міндетті түрде қолданылуы керек
b) Ақша саясатының ішкі тепе-теңдікті реттеуде
салыстырмалы басымдығы бар, ал қазыналық
саясаттың сыртқы балансты қолдауда басым-
дығы бар
Тест жауаптары
1. б; 2. в; 3. б; 4. а; 5. б; 6. в; 7. ә; 8. ә; 9. в; 10. а; 11. б;
12. ә; 13. в.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет