Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату.
Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
инвестициялық салық преференциялары, салық салынбайтын ең төменгі мөлшер (минимум), табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер, салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы); төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Достарыңызбен бөлісу: |