шығыстары – адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді.
Салықтар, алымдар, төлемдер – табыс салығы, жылжымайтын мүлік салығы, алымдар, айыппұлдар, өсімпұлдар, жарналар; үйлерді, пәтерлерді, көлік құралдарын, техниканы жалдау үшін төлем.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу – үйлерді, пәтерлерді,саяжай және жер учаскелерін сатып алу.
Басқадай шығыстар – қайырымдылық қорларына аудару, алименттер төлеу, туысқандарға, таныстарға көмек.
Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын түрлері:
1) тұрақтылық дәрежесі бойынша:
тұрақты шығыстар (тамаққа; киім-кешекке, көлікке, коммуналдық қызметтерге және басқаларға);
бір жолғы шығыстар (емделуге, ұзақ пайдаланатын тауарларға).
2) қажеттік дәрежесі бойынша: тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі (қажетті) шығыстар;
медицинаға;
екінші кезектегі (қажет) шығыстар (білім алуға, сақтық жарналары және т.с.с.);
басқадай шығыстар (қалғандары);
3) пайдалану мақсаттары бойынша:
тұтыну шығыстары (тауарлар сатып алуға және қызметтерді төлеуге);
салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақақшалар;
шетел валютасын сатып алу;
халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.
Достарыңызбен бөлісу: |