Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa»* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан)



бет25/29
Дата19.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#139930
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Қаржы сурак жауап

Қазақстанның инвестициялық қорыАкционерлік қоғамы (ҚИҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырындағы №501 Қаулысы негізінде мемлекеттің оның капиталында 100% қатысумен құрылған.
Ұлттық инноваңиялық қор (ҰИҚ) 2003 жылы кұрылған. Қордың негізгі мақсаты - венчурлық қаржыландыру жүйесін, яғни, жекеше капиталмен бірлесіп салалық және аймақтық венчурлық қордың жүйесін құру.


Мемлекеттік кредит, борыш
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы.
Мемлекет ылғи қосымша қаржылық ресурстарды қажет етеді, ал табыстар оның шығыстарын өнбойы жаба алмайды. Бұл жағдайда мемлекет қарыз алушы ретінде болады. Мемлекеттің басқа елдерге немесе компанияларға кредитті ұсына отырып, кредитор ретінде болуы өте сирек жағдай. Егер мемлекет өз мойнына жекеше міндеттемелерді өтеу үшін жауапкершілікті алса, онда ол кепілгер ретінде болады.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қай­тарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында.
мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды., реттеуші функциясы.
Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады.

Бюджеттік кодекске сәйкес қарыз алудың мынадай түрлері болады: Үкіметтің қарыз алуы, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.


Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.


Халықаралық кредиттің функциясы тауар және ақшалай ресурстарын қайта бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет