Үй шаруашылықтары қаржысы
Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады.
Үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.
«Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігі, білімі және іскерлігі түсініледі. (Т.Шульц)
Адами капиталдың негізгі элементтеріне: (Г.Беккер)
білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);
өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);
денсаулық капиталы;
экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);
көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);
экономикалық қызметтің уәждемесі.
Адами капиталдың қағидалары:
адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;
адами капиталдың сапасы ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық деңгейімен айқындалады;
адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;
адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.
Үй шаруашылықтары қаржысының функциялары: (Г.Б. Поляк)
отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу
Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары – бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша.
Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары, әдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақшалай қаражаттар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалды:
тұтынуға арналған қаражаттар
келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретіндежинақақшаларға
Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының құрамы мыналарды кіріктіреді:
1)меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда;
2)рынокта жұмылдырылған, кредит ұйымдарынан алған кредиттік нысан¬дағы қаражаттар, дивидендтер, пайыздар;
3)қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар – зейнетақылар, жәрдемақылар, бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.
Қаржылық ресурстар үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті – бұл үй шаруашылығының ақшалай қорын жасау мен пайдалану нысаны.
Бюджет аясында мынадай оқшауланған ақшалай қорлар қалыптасады:
дара, отбасының жекелеген мүшелеріне арналатын және әр түрлі тауарлар сатып алуға, көңіл көтеруге, оқуға, медициналық қызмет алуға және сол сияқтыларға пайдаланатын қорлар;
ортақ пайдаланатын тауарларды (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) сатып алуға арналған бірлескен қор;
қорланым мен қамтамасыз ету қорлары(резервтік қор), болашақ күрделі шығыстарға (үй, пәтер, жер учаскесін, көлік құралдарын сатып алуға, сондай-ақ коммерциялық қызмет үшін бастапқы капиталды қалыптастыруға) пайдаланылады.
Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады.
Отбасы бюджеттерінің үш тұрпаты бөліп көрсетіледі: бірлескен, бірлескен-бөлектелген (пайлық) және бөлектелген.
Үй шаруашылықтарының табыстары – өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі.
Халықтың табыстары –натуралдық және ақшалай нысанда жалдамалы жұмыспен қамтудан және өзін –өзі жұмыспен қамтудан, меншіктен,сатудан, әлеуметтік трансферттер және басқадай түсетін мтабыстар.
Қолдағы ақшалай табыстар – міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.
Нақтылы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларының өзгеруі есепке алынған ақшалай табыстар.
Нақтылы қолдағы ақшалай табыстар – тұтыну бағаларын ескере отырып міндетті төлемдер мен жарналарды шегергеннен кейінгі ақшалай табыстар.
Ақшалай табыстар атаулы (салықтар мен міндетті төлемдерді төлегенге дейін) және қолдағы (көрсетілген төлемдерді жүзеге асырғаннан кейін) табыстар болуы мүмкін.
Табыстардың түрлі:
1. Табыс көзіне қарай олар былай бөлінеді:
2. Түсімнің бірқалыптылығына қарай:
тұрақты ( еңбекке ақы төлеу, жалдау ақысы және басқалары);
дүркін-дүркін (авторлық қаламақы, бағалы қағаздар бойынша табыстар және басқалары);
кездейсоқ немесе біржолғы сыйлықтар, мүлікті өткізуден түсетін табыстар;
3. Түсімнің сенімділігіне қарай: кепілденілген (мемлекеттік зейнетақылар, мемлекеттік қарыздар бойынша табыстар); шартты-кепілденілген (еңбекке ақы төлеу); кепілденілмеген (қаламақылар, комиссиялық сыйақы).
Достарыңызбен бөлісу: |