«Жаңа ой» іскер ойыны
Ойын мақсаты: ұйымдастырушылық қабілетті арттыру, ораторлық өнерге баулу, өз сөзінің шындығына сендірте білу қабілетін арттыру
Ойын ережесі
Ойын алдында барлық қатысушылар арнайы дайындалған карточкалар алады. Қатысушылар арасынан 4-5 адам фирманың, партияның, елдің басшылық қызметіне шақырылады.
Жүргізуші оларға келесідей тапсырма береді:
Әрбір басшы өзінің жаңа идеясын айтып, өзін қолдайтын адамдарды өзіне тарта білу керек. Тапсырмаға дайындалуға 20-25 минут беріледі. Үгіттеу түрлері әртүрлі бола алады: лекция, ашық хат, жарнама, жеке әңгіме жүргізу. Ойынға қатысушылар қай басшының жаңа ойын қолдаса, сол басшыға өз карточкасын береді. Карточканы көп жинаған адам жеңімпаз болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |