«Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері» бағдарламасы


Инфляция Инфляция: мәні, себебі, түрі, салдары



бет14/36
Дата02.06.2020
өлшемі1,57 Mb.
#72053
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
құрал

Инфляция

Инфляция: мәні, себебі, түрі, салдары

Туарлар мен қызметтер бағасының көтерілуі. Инфляция валюта курстарындағы өзгерістерге байланысты туындайды. Яғни, бүгінгікүні бір дәптер бағасы 50 теңге болса, ол 1 не 2 айдансоң 55 не 60 теңгеге қымбаттап кетуі мүмкін. Демек, бүгін қолыңызда бар ақшаға сатып алуға мүмкіндігіңіз бар затты инфляция орыналғаннан кейін иелене алмай қалуқаупі туындайды.



Практикалық жұмыс

Негізгі ұғымдарды дәптеріне жазады. Сөздікпен жұмыс

Салыстырады, талдайды

Эссе жазады, өлең құрастырады



Кіріспе

Дүние жүзінің көптеген елдерінде оқушылар экономиканы оқып үйренуде. Экономикалық білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің ХХІ ғасыр басындағы өзекті мәселе. Қазіргі нарық заманының талабына сай білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыларға экономикалық білім бере отырып, олардың терең экономикалық ойлауын қалыптастыру. Экономикалық сана мен оған деген құштарлық мектеп жасында қалыптасатындықтан, оқушыларды нарықтың заңдылықтарымен, кәсіпкерлік, бизнес сияқты ұғымдармен таныстыру қажет. Әрбір жас жеткіншек экономика заңдарын және оны түрлі құбылыстарын түсіне отырып, өз білімін тәжірбие жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі бизнесті дамытумен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстан халқына жіберген жолдауында шағын бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөледі, өйткені бизнесті дамыту бұл мемлекеттің экономикалық өсуіне алып келеді.

Экономикалық өсімге жету үшін, Қазақстандағы іскер адамдарды көбейту үшін жас ұрпақты экономикалық білімге дайындауымыз керек.

Үйірменің мақсаты оқушыларды қаржылық және экономикалық білім алуға қызықтыру, ел экономикасын көтеруге өз үлестерін қосуға үйрету, логикалық ойлау қабілеттілігін арттыру, іскерлік, ораторлық, тіл табыса білу, бәсекеге қабілетті жастарды бизнеске үйрету.

«Қаржылық сауат ашу» үйірмесі оқушыларға нарықтық экономика негіздері мен кәсіпкерлік саласын оқытуға, экономикалық, қаржылық білімдерін жетілдіруге, іскерлік қабілет пен логикалық ой- өрістерін дамытуға бағытталған.

«Қаржылық сауат ашу» үйірмесінің негізгі мақсаты:

Экономика жөнінде ақпарат беру

Адам және қоғам қажеттілігін анықтай отырып, тауар және қызмет көрсету өндірісін түсіндіру

Экономикалық және қаржылық ой-өрісті дамыту.

Қоғамдағы экономикалық прцестерге оқушыларды бейімдеу

Келешекте дұрыс мамандық таңдауға үлес қосу

Үйірмеде жасөспірімдер:

-Нарықтық экономика негіздерін, экономиканың негізгі категорияларын (еңбек, тауар, баға, ақша, өндіріс, тұтыну)

Кәсіпкерлік, нарық, бәсеке, сұраныс пен ұсынысты.

Жұмыссыздық, салық, бизнес, жарнама, инфляцияны.

Қаржылық сауатын ашу.

Отбасы экономикасын, табысы мен шығысын, отбасылық бюджет пен мемлекет бюджетін, тұтынушылар құқығын.

Басқару саласын, менеджер қызметін, үйренеді.

Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде әрбір оқушы болашақта өз ісін ашқысы келетіні бәріне аян. Бизнес әлемі ол күрделі де, қызық әлем болып табылады. Сондықтан да оны балаларға оқытып үйретуде тек теориялық білім беру жеткіліксіз. Бизнесті үйретуде балалардың шығармашылық ойларын дамыту үшін, коммуникативті қабілеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін, ораторлық өнерді, экономикалық процестерді түсініп үйренуіне іскер ойындар өзінің көп септігін тигізеді. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 37-ші қара сөзінде жазылғандай: «Егер ісім өнсін десең, ретін тап» қағидасына сүйене отырып, бизнес әлемін балаларға түсіндіруде іскер ойындарды ойнату, болашақ бизнесменге қоғамда өз орнын табуға көмегін береді.

Бизнес әлемін балаларға оқытуда М.Новиктің оқытудың белсенді әдісін жіктеу тәсілін қолдану тиімді.М.Новик оқытуда имитациялық және имитациялық емес тәсілмен оқытуды бөліп көрсетеді.М.Новиктің оқытудың имитациялық әдісі негізінде ойналатын ойындар жиынтығынан, бизнесті үйренуші балалардың дамытушылық, іскерлік қабілеттерін арттыратын ойындарды келесідей жіктеуге болады.

Балалардың коммуникативті қабілеті мен ұйымдастырушылық қабілетін дамытатын ойындар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет