«Миллионерлер клубы» іскер ойыны
Мақсаты: іскер хаттарды жазуға үйрету
Ойын ережесі
Жүргізуші ойынға қатысушыларға миллионерлер клубынан хат келді деп жариялайды. Ол хатта әрбір ойынға қатысушыларды элиталық клубқа мүше болуға және белгіленген уақытта жиналысқа келіп қатысу керектігі жөнінде жазылған. Ал ол клубқа мүше болу үшін, сол клубқа мүше болуға келісім бергенін растайтын хат жазу керек. Хатта әрбір қатысушы өз қаржыларын қандай мақсатқа жұмсайтынын, болашақта қандай іспен айналысқысы келетіні жөнінде толық жазуы керек.
Ойын қорытындысын шығару үшін, хатты бағалау үшін 3-4 адам әділ-қазы мүшелері болып саналады. Ол үшін арнайы таблица жасалып, әрбір бөлімі бойынша бағаланып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |